Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-2218197622 %78 %

Қазақстан бокстан Әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:57 - 2019/09/22


Қазақстан бокстан Әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан Әлем чемпионаты мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан түрлі дәрежедегі алты медаль еншіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Бекзат Нұрдәулетов бокстан әлем чемпионы болды Бокстан ӘЧ: Василий Левит қола медальді қанағат тұтты Тұрсынбай Құлахмет бокстан әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады

Атап айтқанда, алтын медальға 81 келіге дейінгі салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов қол жеткізді. «Күмісті» командаға Қамшыбек Қоңқабаев алып келді. ҚР құрамасының капитаны финалда өзбекстандық Баходир Джалоловтан ұтылып қалды. Солайша, екінші орын иеленді. Қазақстан қоржынына төрт қола медальды Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін), Тұрсынбай Құлахмет (75 келіге дейін) және Василий Левит (91 келіге дейін) салды.

Өкінішке қарай, Қайрат Ералиев (57 келіге дейін) пен Закир Сафиуллин (63 келіге дейін) жүлдесіз қалды.

Медальдық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орын алды. Бірінші орынға үш «алтын», бір «күміс» және бір «қоламен» - Өзбекстан, екінші орынға үш алтын және бір қола медальмен Ресей орналасты.

Турнирде Қазақстан сияқты бір алтын медальды кубалықтар да иеленді. Бұдан бөлек, олардың еншісінде бір күміс және бір қола жүлделер бар. Олар төртінші позицияға жайғасты.

Бокстан ерлер арасындағы Әлем чемпионаты Екатеринбург қаласында 7-21 қыркүйек күндері аралығында өтті. Халықаралық Олимпиада комитетінің шемімімен турнир Токио Олимпиадасына іріктеу статусынан айырылды. Дегенмен, оған қатысқан қатысушылардың саны ерекше көп болды. Атап айтсақ, 88 елден 467 спортшы келді. Екі жыл бұрын Гамбургте 85 елдің 279 боксшысы қолғап түйістірген болатын.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1050775
Пікірлер

Көрші сілтемелер