Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-2218197622 %78 %

Василий Левиттің Әлем чемпионатындағы қорытындысы: Қазақстан AIBA-дан түсініктеме талап етті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:30 - 2019/09/21


Василий Левиттің Әлем чемпионатындағы қорытындысы: Қазақстан AIBA-дан түсініктеме талап етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан бокс федерациясы AIBA президенті лауазымын уақытша атқарушыға хат жолдап, онда Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатында Василий Левит пен эквадорлық бокшсы арасындағы жекпе-жектің қорытындысына наразылық жолдады. Сонымен қатар федерация чемпионаттан кейін түсініктеме беруді талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті Мұхаммед Мустасан! Қазақстан бокс федерациясы Екатеринбургтегі ХХ Әлем чемпионатындағы төрелікке байланысты өзіңізге жүгінуге мәжбүр болып отыр. Алдын ала жекпе-жектер барысында біздің пайымызша, төрешілер бірнеше күдікті шешімдер жасады. Ең үлкен наразылық 91 келіге дейінгі салмақ санатында Қазақстан боксшысы Василий Левит пен эквадорлық Хулио Цезар Кастилльо Торес арасындағы жартылай финалдық кездесуге қатысты туындады. Бұл жекпе-жекті көрген қазақстандық қана емес, сонымен бірге Олег Саитов, Алексей Тищенко, Егор Мехонцев, Григорий Дрозд сынды шетелдік сарапшылар да сөзсіз жеңісті Василий Левитке берді. Барлық үш раундта да қазақстандық боксшының басымдығы көзі бардың барлығына айқын көрінді», - делінген ҚБФ атқарушы директоры Бекжан Бектенов қол қойған хатта.

Оның атап өтуінше, AIBA төрешілері бағалаудың өзіндік әдісін қолданады. Алайда ол қоғамдастыққа беймәлім қалып отыр. Жекпе-жекке төреші болған САҚШ, Оңтүстік Корея және Уганда өкілдері жеңісті эквадорлық боксшыға берді. Бұған қоса, оңтүстікорейлік төреші Левитті қарсыласынан 27-30 есебімен ұтылды деп есептеген. Ал телевизициялық және интернет-трансляцияның тамаша мүмкіндігінің арқасында жекпе-жекті көрген жанкүйерлердің айтарлықтай басым бөлігі Левит жеңді деп санайды.

«Жаңа ереженің арқасында бапкерлердің наразылық танытып, жекпе-жекті қайта қарауға ұйытқы болу құқығына ие екендігі белгілі. Бірақ, бұл жағдайда боксшының секунданты орын алға жайтты игере алмай қалды. Қазақстандық бапкерлер эквадорлық боксшының қолын көтергенін көргенде өз көздеріне өздері сене алмады. Олар өздерінің эмоцияларына ерік беріп қойып, рингті тастап кетті. Бірнеше секундтан кейін бапкер оралғанымен, одан сары қағаз алудан бас тартты. Құрметті Мустасан мырза, біз мұндай келеңсіздікді Риода Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко жекпе-жегінен кейін бастан кешірген едік. Олимпиада кезіндегі ұятты төрешілер шешімін бүкіл әлем тонау деп атады. Содан бері көптеген оқиға өтті, АІВА жемқорлықты жоятын түбегейлі реформалар жүргізетіндігін мәлімдеді. Қазақстан бокс федерациясы АІВА Екатеринбургтегі Әлем чемпионатында уәдесінде тұратындығына сенген еді. Бірақ, тағы да түңілуге тап болып тұр», - деді ол.

Сонымен, Қазақстан Василий Левит жеке-жегінің қорытындысы бойынша AIBA-дан түсініктеме беруді талап етті. Және Мустасаннан әлем чемпионатының бүгін өтетін жекпе-жектерінде әділ әрі ашық төрешілік жасау үшін барлық күш-жігерін жұмсауды өтінді.

«Содан соң чемпионат аяқталғаннан кейін Қазақстан бокс федерациясы АІВА-дан жарыстардағы төрешілікке қатысты барлық сұрақтарға ресми түсіндіруді талап етеді. Сонымен қатар алдағы уақытта жарыстарда мұндай жағдайларды болдырмау үшін қандай шараларды қолдануға ниетті екеніңізді хабарлауыңызды сұраймыз», - деді Бекжан Бектенов.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1050748
Пікірлер

Көрші сілтемелер