Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-22200103422 %78 %

Мәдениет министрі «азаматтар үніне құлақ асатын Үкімет» жобасы жайлы айтты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:09 - 2019/09/21


Мәдениет министрі «азаматтар үніне құлақ асатын Үкімет» жобасы жайлы айтты

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Риддер қаласындағы музыка мектебіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектеп директоры М.Бестужева министрге ұжымның жұмысы мен алдағы жоспарлары жайлы баяндады. А.Райымқұлова фортепиано, үрмелі аспаптар сабақтарына қатысып, балалардың шығармашылық топтарымен танысты. Министр балаларға музыкамен айналысудың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы айтып берді», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.



Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрі мектеп ұжымымен кездесуінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы жайлы, онда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жайында баяндады. Жолдаудағы «азаматтар үніне құлақ асатын Үкімет» жобасы жайлы, елдің дамуын билік пен қоғам арасындағы диалог арқылы қамтамасыз ету туралы бағыттары талқыланды.

А.Райымқұлова мектептің мақтанышына айналған, түрлі облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген, 2-10 қазан күндері Алматы қаласында өтетін «The Planet of ART – 2019» халықаралық фестиваліне қатысуға дайындалып жатқан Санжар Сағындықовпен кездесіп, өнерлі дарынға сәттілік тіледі.




Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1050735
Пікірлер

Көрші сілтемелер