Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-19531167639 %61 %

Мемлекеттік қызметші нашар болса, жақсы заң көмектеспейді - Әлихан Бәйменов



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:03 - 2019/09/20


АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің басшысы Әлихан Бәйменов ақтөбелік мемлекеттік қызметшілермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында мас күйінде көлік айдаған шенеунік жазаланды СҚО-да мемқызметшілер жұмыс уақыты аяқталса да, неге үйлеріне қайтпайды Мемқызметшілерді қысқарту: Агенттік тапсырманы жүзеге асыру барысын талқылады

Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Әлихан Бәйменовпен кездесуге жас мемлекеттік қызметшілер жиналды. Мемлекеттік аппараттың ауысымдылығы, мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеудің жаңа жүйесі, Президенттік жастар кадр резервінің тиімділігі және дамыған елдердің мемлекеттік жүйедегі тәжірибесі жөнінде сұрақтар қойылды. Мемлекеттік қызметшілердің имиджі, келбеті және өзін-өзі ұстауы туралы мәселелер талқыға түсті.

«Мемлекеттік басқаруды футболмен теңеуге болады. Біз әрқайсымыз футболды түсінеміз деп ойлаймыз, футболшыларды сынаймыз. Мемлекеттік басқару да сол секілді. Әр азамат мемлекеттік басқарудың тетігін біледі. Бұл сіздер, яғни мемлекеттік қызметшілер үшін үлкен сынақ. Соған сіздер дайын болуларыңыз керек. Біздің талабымыз мемлекеттік қызметшінің өскелең қоғамға сәйкес алда жүруі. Заң жаман болып, мемлекеттік қызметші жақсы болса, мемлекетті басқаруға болады, ал мемлекеттік қызметші нашар болса, жақсы заң көмектеспейді», - деді Әлихан Бәйменов.

Кездесу барысында Әлихан Мұхамедияұлы мемлекеттік басқару тақырыбына тоқталып, мемлекеттік органдарда жиі өткізілетін жиналыстарды сынға алды. Оның айтуынша әлі күнге дейін жиналыстар көп өткізіледі, тақырыптары айқын емес, басшылардың уақыттарын алады.

«Бір адамның төрағалығымен өткен жиында көбіне әлгі кісі бастан-аяқ сөйлеумен болады, яғни, монолог. Одан бірінші кезекте соның өзі зардап шегеді. Өйткені пікір алмасу, қатысушылардың ұсыныс-ойын білу болмаған жағдайда жиынның нәтижесі аз. Ұрысып-жеку үшін жиналыс өткізетіндер де ешқандай пайда көрмейді, керісінше, оның жұмысы тұралап қалады. Ең алдымен шешім, одан шығатын қорытындыны ойлап барып, жиналыс өткізген дұрыс», — деді Ә. Бәйменов.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1050512
Пікірлер

Көрші сілтемелер