Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-23000 %100 %

Бокстан әлем чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға шықты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:18 - 2019/09/18


Бокстан әлем чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бокстан ӘЧ: Василий Левит те жүлдесіз қалмайтын болды Тұрсынбай Құлахмет бокстан әлем чемпионатынының жартылай финалына өтті Бокстан ӘЧ: Сәкен Бибосынов жартылай финалға өтті

Абылайхан Жүсіпов (69 келі) Доминикан Републикасынан келген Роан Поланкомен қолғап түйістірді. Төрешілер қазақстандық боксшының жеңісіне қолдау білдірді.

Абылайхан Жүсіпов бұған дейін 1/16 финалда таиландтық Вуттичай Масукты, одан кейін германиялық Ник Бирді тізе бүктірген болатын.

Абылайхан Жүсіпов 1997 жылы дүниеге келген. 2017 жылы Азия чемпионы атанса, сол жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Бұған дейін қазақстандық боксшылар қатарынан Сәкен Бибосынов (52 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) және Василий Левит (91 келі) жолдама алған еді. Ал Қайрат Ерәлиев алған жарақатына байланысты өзбек жігіті Миразизбек Мирзахалиловке жол берді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1049494
Пікірлер

Көрші сілтемелер