Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-23000 %100 %

Күрес түрлерінен ӘЧ: Әйелдер күресінен алғашқы медальге қол жеткіздік



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:54 - 2019/09/18


Күрес түрлерінен ӘЧ: Әйелдер күресінен алғашқы медальге қол жеткіздік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен алғашқы жүлдеге қол жеткіздік, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін әйелдер күресінен 50 келі салмақта қола медаль үшін белдескен қазақстандық Валентина Исламова кіші финалда украиналық Оксана Ливачты 5:0 есебімен ұтып, қола медаль иегері атанды.

Бұл күрес түрлерінен қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль. Осыған дейін осыған дейін Қазақстан құрамасынан 55 келі салмақта грек-рим күресінің шебері Қорлан Жақанша ел қоржынына алғашқы күміс жүлдені сыйласа, сол күні Алмат Кебіспаев қола медаль жеңіп алған болатын. Ал кеше ғана грек-рим күресінен ерлер арасында 60 келі салмақта ел намысын қорғаған балуанымыз Мейрамбек Айнағұлов кезекті қола медальге қол жеткізді.

Сондай-ақ, бүгін қола медаль үшін белдесуде 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Марина Седнева ресейлік Ольга Хорошавцевадан ұтылып, жүлдесіз қалды. Жүлделі орынға таласқан 72 келі салмақтағы тағы бір отандасымыз Жәмила Бақбергенова жапондық қарсыласына 0:2 есебімен ұтылды.

Осылайша әлем біріншілігінде әйелдер күресінен қазақстандық балуандардың еншісінде әзірге жалғыз қола медаль бар.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1049477
Пікірлер

Көрші сілтемелер