Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-19502157339 %61 %

СҚО халқы табысының жартысына жуығын азық-түлікке жұмсайды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:54 - 2019/09/18


ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындар тапқан табысының 45,6% азық-түлік тауарларын сатып алуға жұмсайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі артып келеді Елімізде өнеркәсіп өнімдердің бағасы қымбаттады Қазақстанда қолма-қол ақша көлемі өсті

СҚО статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екінші жарты жылдықта тұрғындардың жан басына шаққандағы ақшалай шығындары 171 мың теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9% артық. Халық тапқан табысының ең үлкен бөлігін - 45,6% азық-түлік тауарларын сатып алуға жұмсаса, азық-түлік емес тауарларды сатып алу шығыстары – 23,6%-ды, ақылы қызметтерге жұмсалған қаражат - 18,2%-ды құраған.

Мамандардың ақпаратына сүйенсек, облыс тұрғындарының азық-түлікке жұмсайтын қаражатының негізгі бөлігі (27,2%) ет пен ет өнімдерін және нан және жарма өнімдерін (15,7%) сатып алуға кетеді. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде солтүстікқазақстандықтар негізгі қаражатты киім және аяқ киім сатып алуға жұмсайды екен.

Ақылы қызметтер шығындарында қаражаттың 35,6% тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жұмсалса, мәдени іс-шаралар мен демалысқа отбасы бюджетінен небары 5,4% бөлінген.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1049401
Пікірлер

Көрші сілтемелер