Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-19502157639 %61 %

Қазақстанда допингке қарсы зертхана қашан ашылады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:33 - 2019/09/18


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда допингке қарсы зертхана келесі жылдың мамырында ашылуы мүмкін. Бұл жайында ҚР Ұлттық олимпиада комитеті Бас ассамблеясының отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық биатлоншылар допинг қолданбағанын дәлелдеп шықты Допинг дауына іліккен спортшылармен психолог жұмыс істей ме

«Біз спортшыларды оңалтуға және функционалды диагностикалауға қаражат бөлдік. Келесі жылдан бастап барлық спортшыларымыз біздің орталықта осындай диагностикадан өту мүмкіндігіне ие болады. Сондықтан бұл да кешенді ғылыми топтарымыздың спортшыларымызды сүйемелдеуге бағытталған жұмыстарына септігін тигізе алады», - деді ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев.

Осы орайда ол допинг қолдануға қарсы күрес мәселесіне де баса назар аударды және ҰОК тарапынан ымырасыз күрес жүргізілетінін ескертті.

«Допингке қарсы ұстанымымызды білесіздер, бұл жалаң ұран емес. Онымен айналысамыз. Қоғамда допингке қарсы әрекет жетіле түскен. Допингке қатысы бар адамдарды жазалау бойынша заңнамалық мәселені көтергенімізде Парламентте қылмыстық жауапкершілік туралы да ұсыныстар айтылған еді. Біз парламентарийлерден қазіргі кезеңде қылмыстық жауапкершілік енгізбеуді өтіндік. Себебі біз допингке қарсы жүйені қалыптастыруымыз қажет. Яғни, біздің барлық бапкерлер, федерациялар мұның тұрақты әрекет ететін жүйе екенін түсінуі тиіс», - деді ҰОК президенті.

Осы орайда отырысқа қатысып отырған Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі елімізде ашылатын допингке қарсы зертхана осы жылы комиссия тексеруінен өтетінін айтты. Ал одан кейін осы жылдың қарашасында немесе келесі жылдың мамырында қазақстандық допингке қарсы зертхана аккредиттеледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1049390
Пікірлер

Көрші сілтемелер