Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-19531167639 %61 %

Пойыз бен автобус соқтығысуы: Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:54 - 2019/09/15


Пойыз бен автобус соқтығысуы: Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысына қарасты Шамалған станциясында пойыз бен автобустың соқтығысуы салдарынан оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Бүгін 19 сағат 30 минутта «Алматы–Қостанай» бағытына қатынайтын пойыз автобуспен соқтығысты. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оның екеуі бала, біреуі әйел адам. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-ші тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр», - деді облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев.

Оқиға орнында полицейлер жұмыс істер жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Шамалған станциясында автобуспен пойыздың соқтығысқанын хабарлаған болатынбыз. Алдын-ала болжам бойынша, автобус пойыздың релсіне шығып кеткен.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі екі адам қайтыс болды деп алдын ала ақпарат берген еді. Бірақ, аталған ведомствоның өкілі Ғалымұрат Жүкел бір адамның қайтыс болғанын, тағы екі адамның жансақтау бөліміне түскенін нақтылады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1048086
Пікірлер

Көрші сілтемелер