Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2217865146 %54 %

Елордада демалыс күндері қайда баруға болады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 23:45 - 2019/09/12


Елордада демалыс күндері қайда баруға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы демалыс күндер елордада музыка мен спорттық шараларға бай болады. Астаналықтар демалыс күндерін қызықты әрі пайдалы өткізу үшін қайда баруға болатыны төменде көрсетілген. 

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар Интернеттен гөрі телеарналарды көп көреді Қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіков Ұлыбританияда жеке көрмесін өткізді Қызылордада полиция қызметкерлері арасында патриоттық әндер фестивалі өтті

Қала әкімдігі  сайтының хабарлауынша, 11 және 14 қыркүйек күндері «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры өз қонақтарын А.Аданның «Жизель» балетін тамашалауға шақырады. Әлемдік туындының премьерасы 1841 жылы Париждің Гранд Операсында өткен болатын. Содан бері «Жизель» әлемнің түрлі балет театрында қойылса да, осы уақытқа дейін өзектілігі мен атағын жоғалтқан жоқ. Қойылым 18.00-де театрдың Үлкен залында өтеді. Билет құны 500 теңгеден басталады.

15 қыркүйекте елордада «Phanerozoic I: Palaeozoic» турының аясында атақты «The Ocean» тобы концертін қояды. Топ Ресей, Беларусь, Армения, Грузия, Қазақстан, Жапония қалаларына гастрольмен барады. Нұр-Сұлтан қаласындағы топтың концерті 15 қыркүйек күні сағат 20.00-де басталады. Өтетін орны: Қорғалжын тас жолы 3, The Bus. Концерт билеттерінің құны 5 000 теңгеден басталады.

Осы демалыста елордада бірнеше спорттық шаралар да өтеді.

13 қыркүйекте хоккей жанкүйерлері «Номад» және «Сокол» клубтары арасындағы матчты тамашалай алады. Ойын «Қазақстан» спорт сарайында 19.00-де өтеді, билеттер құны 200 теңгеден басталады.

Сондай-ақ, 14 қыркүйекте «Барыс Арена» алаңында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Әлем чемпионатының ашылуы болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елінен 900 спортшы қатысады. Жарысқа шамамен 10 000 жанкүйер келеді деп жоспарлануда. Қазақстан аумағында чемпионатты Kazsport телеарнасы таратады. Ал, тікелей көрсетілімді United World Wrestling (UWW) ресми сайтынан қарай аласыз. Чемпионат 22 қыркүйекке дейін жалғасады, көрермендерге кіру құны 1 000 теңгеден басталады.

12 және 13 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Synergy Global Forum өтеді. Хедлайнер ретінде жеке тұлғаның өсуі тақырыбында әлемдік сарапшы болып есептелетін әйгілі Ник Вуйчич пен Ицхак Пинтосевич өз ойларымен бөліседі. Ник Вуйчич «Шекарасыз өмір» тақырыбында, ал Ицхак Пинтосевич «Жалқаулық жеңімпазы. Шекарасыз өмір» тақырыптарында шеберлік-сабақтарын өткізеді. Ұйымдастырушылар тәжірибе, білім, нақты әрекеттер мен құралдарды үйрететін 8 сағатқа созылатын тренинг 10 есе тиімдірек болғысы келетін жандарға арналған деген пікірде.

Тренинг сағат 19.00-де «Сарыарқа» велотрегінде қонақтар алаңында басталады. Кіру құны 11 200 теңгеден 72 800 теңгеге дейін.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047360
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қазақстанның кей өңірін 6 min
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 15 min
Мемлекет басшысы бірқат 16 min
Осы араны басып көріңіз 16 min
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 21 min
Мемлекет басшысы белгіл 26 min
Президенттік жастар кад 26 min
БҚО мектептерінде «Жас 1 sagt
Әлемде климаттың өзгеру 1 sagt
Елордада екі мыңға жуық 1 sagt
Түркістанда алғаш рет « 1 sagt
"Орталық - 2019" страте 1 sagt
Бокстан әлем чемпионаты 1 sagt
Маңғыстау облысындағы к 1 sagt
22 қыркүйек. Туған күн 1 sagt
Павлодарда асылып қалға 1 sagt
Бурабай әкімі мас күйде 2 sagt
Түркиядан Грекияға күн 2 sagt
"Оңай" картасы доллар б 2 sagt
Ақтөбе облысында үйден 2 sagt
500-ден астам солтүстік 2 sagt
Қазақстан Сенаторлары к 2 sagt
Мыңдаған алматылық жары 2 sagt
22 қыркүйек. ҚазАқпарат 3 sagt
Әблязовтың сыбайластары 3 sagt
Алматыда халық жазушысы 3 sagt
Əбу Насыр Әл-Фараби жəн 3 sagt
Вице-министр көпбалалы 3 sagt
Бас прокуратура қазақст 3 sagt
Дінтанушы: Дәстүрлі исл 3 sagt