Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-16872260139 %61 %

Таразда 1 млн теңге тұрғын үй сертификаттары беріледі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:15 - 2019/09/12


Таразда 1 млн теңге тұрғын үй сертификаттары беріледі

 ТАРАЗ. ҚазАқпарат –  Жамбылдықтардың «Бақытты отбасы» және «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспаналы болуына мүмкіндік артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордадағы «Территория комфорта-1» тұрғын үйі бұзылып жатыр Алатау ауданында жыл соңына дейін 43 үй пайдалануға беріледі Елордада жастарға арналған жалдамалы пәтер қашаннан бастап беріледі

Тың бастама қазан айынан бастап қолға алынады. Қазір көмектің қандай санаттағы азаматтарға берілетіндігі бекітіліп жатыр. Ол туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров айтып берді.

Оның айтуынша тұрғын үй сертификаттары әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз және әлеуметтік қолдау ретінде яғни қайтарымды бюджеттік кредит ретінде берілмек. Сертификат мөлшері бастапқы жарнаның бір бөлігі ретінде 1 миллион теңгеге дейінгі қаржыны құрамақ. Бұл бағытта ағымдағы жылы 3,2 миллиард теңге қарастырылмақ.

 «Сертификат тек жаңа үйге ғана беріледі. Егер әр адам басына табысы 42 мыңнан асып кететін болса, ол сертификат әлеуметтік қолдау ретінде қайтарымды болып беріледі. Ал егер қаражат адам басына шаққанда жетпейтін болса, ол әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз беріледі. Жалпы өңірде биыл 465 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған. Қазіргі таңда 26 нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның 21-і – мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиемен берілетін үйлер. Қазірдің өзінде 800-ге жуық пәтер дайын тұр. Жыл соңына дейін тағы 740 пәтерлі 12 үйді тапсыру көзделіп отыр»,-дейді Жайықбай Шалдаров.

 Аталмыш басқарма басшысы бұл орайда сертификат «Бақытты отбасы»  және «7-20-25» бағдарламалары арқылы жүзеге асатынын айтып, олар бойынша да белгіленген санаттардың бар екенін тілге тиек етті.  Айталық, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы және толық емес отбасылар аталмыш жеңілдікке қол жеткізбек. Ал, «7-20-25»  бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттары денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы және өзге де басым салалардағы қажетті, тапшы мамандарға үлестірілмек.

Айта кетейік, салалардағы қажетті мамандар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген.

 



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047347
Пікірлер

Көрші сілтемелер