Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-16872260139 %61 %

Дәурен Абаев: Президенттің Қытайға сапарының бағдарламасы өте мазмұнды болды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:33 - 2019/09/12


Дәурен Абаев: Президенттің Қытайға сапарының бағдарламасы өте мазмұнды болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапарына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қытай Компартиясының Чжецзян провинциясындағы хатшысымен кездесті Қазақстан Президенті Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында лекция оқыды Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталды

«Мемлекет басшысының Қытайға сапарының бағдарламасы өте мазмұнды болды. Іскерлік ортамен келіссөздер жүргізіліп, әртүрлі алаңда сөз сөйленді, ең жоғарғы деңгейдегі екіжақты маңызды кездесулер өтті. Бұл сапардың нәтижесі – ең батыл болжамдардан асып түсті», - деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министрдің айтуынша, келіссөздер кезінде қос тарап «Елбасы негізін қалап кеткен қарым-қатынасты сақтауға» маңыз берілді.

«Жүргізілген келіссөздер барысында менің білуімше, көптеген келісімдерге қол жеткізілді. Ынтымақтастықтың барлық маңызды салалары - көлік, логистика, ауыл шаруашылығы бәрі қамтылды. Қасым-Жомарт Кемелұлының Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі жылы әрі достық сипатта өтті», - деді ол.

Бағдарлама жүргізушісі әлеуметтік желіде Президенттің қазақ тілімен бірге қытай тілінде сөйлеуіне қатысты айтылып жатқанын тілге тиек етті. Бұған келгенде Дәурен Абаев Қазақстан Президентінің қытай тілін білгеніне мақтануымыз керек деген пікір білдірді.

«Кез келген тілді, әсіресе қытай тілін білу – көп жылдар бойғы табанды еңбектің нәтижесі. Президенттің Трамппен, Путинмен, Макронмен, Си Цзиньпинмен аудармашысыз сөйлейтінін қазақстандықтар өте жылы қабылдайтынын анық білемін. Бұл сөзсіз, қосымша дипломатиялық салмақ беріп, біздің саясаттың интеллектуалдық, прогрессивті жағын көрсетеді», - деді Дәурен Абаев. 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047337
Пікірлер

Көрші сілтемелер