Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-22850323838 %62 %

Жемқорлық фактісін хабарлаған тұрғындарға қанша қаржы төленді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:21 - 2019/09/12


Жемқорлық фактісін хабарлаған тұрғындарға қанша қаржы төленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –  Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы телефон арқылы хабарлау жағдайлары артып келеді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегі брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Агенттік парақорлық ет базарларында қандай қауіпке алып келетінін түсіндірді Жемқорлық туралы хабарлаған адам 250 мың теңге сыйақы алуы мүмкін Мектептегі ақша жинау оқиғасына департамент түсінік берді

«Сall-орталыққа келіп түскен әрбір хабарлама уақтылы тексеріледі. Биылғы жылы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 378 қоңырау тіркелді, хабарламаларды тексеру нәтижелері бойынша ашылған қылмыстық істер саны артуда. Егер былтырғы жылы небәрі 32 іс қозғалса, ағымдағы жылдың 7 айы ішінде сотқа дейінгі 31 тергеп-тексеру басталды. Осындай хабарламалар бойынша 15 адамның пара алу кезіндегі қылмысы әшкереленді. Олардың арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың және білім беру саласының қызметшілері бар. 5 адам сотталды», - деді Агенттіктің Әкімшілік-құқықтық департаменті құжат айналымы басқармасының басшысы Қуаныш Мырзағали.

Оның сөзіне қарағанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған немесе қылмысқа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен азаматтарға біржолғы ақшалай сыйақы төленеді. Яғни, егер кінәлі адамға қатысты соттың әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, тиісті ынталандыру ескерілген.

Таратылған мәліметке қарағанда, биыл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы, оның ішінде call-орталық арқылы хабарлаған 116 азамат 17,7 млн теңге  сомасында ынталандырылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ел тұрғындары қай салалардағы заңсыздықтар бойынша көбірек шағымданатынын жария етті.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047263
Пікірлер

Көрші сілтемелер