Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-22850323838 %62 %

Ақтөбеге ителгі аулауға келген Сирия азаматтары ұсталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:54 - 2019/09/12


Ақтөбеге ителгі аулауға келген Сирия азаматтары ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Сирия азаматтары Ақтөбенің Байғанин ауданынан ұсталды. Олар Қазақстанға ителгі аулауға келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қорықшылардың көлігі арнайы санатқа енгізіледі Браконьер туралы заң жобасы осы айда Парламентке енгізіледі Атырауда бекіре балығын заңсыз аулаған браконьерлер қамауға алынды

Ақтөбе облысында үш автокөлік ішінен елу дана көгершін табылды. Оқиға 30 тамыз күні сағат 23:00-де тіркелді. Байғанин ауданының Жаңажол ауылдық округі, Доңызтау маңында «Охотзоопром» РМКК инспекторлары «Монтера спорт»,  «Митсубиси Поджера» және «Тайота Ланд Крузер» көлігінің жолаушылары мен жүргізушісін аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді. 

«Тексеру жұмыстары кезінде біреуі қазақстандық екені анықталды. Ал өзге бесеуі - Сирия азаматтары. Ұсталғандардың айтуынша, олар бірнеше күн бұрын Алматы қаласына келіп, Ақтөбеге бағыт алған. Көгершіндерді Арал маңындағы ауыл тұрғындарынан алған, оны азық үшін пайдаланған. Қазақстанға ителгі мекендейтін жерді іздеуге келген», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Осы іс бойынша Әкімшілік құқық бұзу кодексі бойынша шара қолданылды. Қазақстан және Сирия азаматының әрқайсысына 25 мың теңге айыппұл салынды. Екі Сирия азаматы Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды. Біреуі ескерту алса, екіншісі 15 тәулікке қамалды. Ал көгершіндер бостандыққа жіберілді. 

Айта кетейік, ителгі Қызыл кітапқа енген. Оны аулауға болмайды.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047244
Пікірлер

Көрші сілтемелер