Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-22850323838 %62 %

Еліміздің қай саласында жемқорлық көп



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 17:51 - 2019/09/12


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ел тұрғындары қай салалардағы заңсыздықтар бойынша көбірек шағымданатынын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жемқорлық туралы хабарлаған адам 250 мың теңге сыйақы алуы мүмкін Мектептегі ақша жинау оқиғасына департамент түсінік берді Білім вице-министрі өзіне тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді

«Тұрғындардың сенім деңгейін арттыру біздің қызметке келіп түсіп жатқан өтініштердің ұдайы артып келе жатқанынан көрінеді. Мысалы, 2016 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 18 мыңнан астам өтініш, 2017 жылы – 20 мыңнан астам өтініш, 2018 жылы – 22 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бұл тұрғыда ағымдағы жылдың 1-тоқсанында да аз болған жоқ. Орталық аппаратқа келіп түсетін өтініштердің ең көп саны Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындарынан, ал Батыс Қазақстан, Павлодар және Атырау облыстары бойынша департаменттерде олардың ең аз саны тіркеліп, тиісті шешімдер қабылданды. Шағымдардың көп саны субъектілік құрамы бойынша жергілікті атқарушы, сот органдарының, ішкі істер органдарының атына келіп түсуде», - деді Агенттіктің Әкімшілік-құқықтық департаменті құжат айналымы басқармасының басшысы Қуаныш Мырзағали.

Оның сөзіне қарағанда, әкімдік қызметкерлеріне қатысты 1 234 өтініш келіп түсті. Оның 67 пайызы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, 30 пайызы қабылданған шешімдермен келіспеушілік және 3 пайызы әдеп нормаларын бұзушылықтар туралы.

«Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты 1 105 өтініш келіп түсті, олардың 41 пайызы сыбайлас жемқорлық туралы, 56 пайызы шешімдермен келіспеу және 3 пайызы әдеп бұзушылықтар жайында. Сот органдарына қатысты өтініштер саны 2 есеге өсіп, 324 өтінішті құрап отыр. Оның 35 пайызы сыбайлас жемқорлық туралы, 65 пайызы қабылданған шешімдермен келіспеу туралы», - деп нақталады басқарма басшысы.

Белгілі болғандай, салалар бөлінісінде келіп түскен өтініштердің ең көп саны білім беру, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, сондай-ақ жер қатынастары салаларына қатысты.

«Білім беру саласындағы шағымдар көлемі 17 пайызға өскен, оның 74 пайызы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы», - деді Қуаныш Мырзағали.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047243
Пікірлер

Көрші сілтемелер