Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-17973305940 %60 %

Агенттік парақорлық ет базарларында қандай қауіпке алып келетінін түсіндірді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:27 - 2019/09/12


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті өңірдегі ең өнімдерін өткізу саласындағы кемшіліктерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мектептегі ақша жинау оқиғасына департамент түсінік берді Білім вице-министрі өзіне тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді ҚР Білім министрі жемқорлықпен күресетін басқарма құрылатындығын айтты

«Базарда сатылатын өнімдердің сапасыз болуы мен ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың жоқтығы қоғамның наразылығын тудырып отыр. Жаппай түрлі тағамдардан, соның ішінде ет өнімдерінен уланған адамдардың жағдайы БАҚ пен интернетте халықтың талқысына түсуде. Соның өзінде, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, еліміздегі азық-түлік сапасының жағдайы нашар. Осыған орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі халықты толғандыратын сұрақтарға жауап табу мақсатында болған жағдайға мониторинг пен талдау жүргізді», - деді агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин елордада өткен брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің атқарған жұмысы жағымсыз нәтижелерді көрсетті. Яғни, қазіргі уақытта ет өнімдері нарығында ветеринарлық және эпидемиологиялық бақылау мүлде жоқ.

«Бұл жағдайдың себептерінің бірі - парақорлық. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Көкшетау қаласының ветеринария бөлімінің бас маманы мен жеке компанияның мал дәрігерін ұстады. Аталған адамдар 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айларында ет өнімдерін жеткізушілерден жүйелік түрде заңсыз материалдық сыйақы алып тұрған», - деп нақтылады ол.

Өткізілген жұмыс нәтижесінде, коммуналдық базарға ет өнімдерін жеткізетін азаматтар мал дәрігерлеріне әрбір мал басы үшін 3-5 мың теңге мөлшерінде пара беретіні анықталды.

«Нәтижесінде, оларға еттің қандай да бір ауруға шалдықпағанын растайтын жасанды ветеринариялық анықтамалар беріліп отырған.  Базарға келіп түсетін еттің барлығы қажетті ветеринариялық тексерістен өтпейтіндігі, әрі қарай халыққа еш бөгетсіз таралатыны анықталды. Олардың қызметіндегі бақылаудың жеткіліксіздігі және ашықтықтың болмауы ет өнімдерін жеткізушілердің ветеринария саласы мамандарына пара беруі қылмыстық жауапкершілікке болып саналатын әрекет болғанына қарамастан, қалыпты құбылыс ретінде есептеуіне алып келді. Қазіргі уақытта пара бергені үшін осындай кәсіпкерлердің 15-тен астамы жауапқа тартылуда. Ветеринария саласының қызметкерлері тарапынан көрсетілген осындай жауапсыздық еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді», - деді А. Бердалин.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047193
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Алматыда балалы әйелге 1 min
Күрес түрлерінен әлем ч 7 min
Ғаламшардағы ірі азулы 9 min
Асқар Мұқанов: Рамазан 9 min
Қазақстан мен Ресей шек 9 min
Балаңыз солақай болса. 14 min
Ақтөбеде жалған дипломм 19 min
Биыл болған оқиғаны кө 19 min
Президент «Урожай» ЖШС- 19 min
Мәжілісте сот рәсімдері 28 min
Бір белдеу, бір жол ақп 29 min
Біртүрлі рекордтарымен 29 min
Өзбекстан Түркі кеңесі 29 min
Мемлекет басшысы Т. Уәл 29 min
Ақтөбеде банкрот болған 1 sagt
Рудныйда жоғалып кеткен 1 sagt
Тілек Ырысбек. Алақаны 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ай 1 sagt
СҚО-ны газдандыру өзект 1 sagt
Президент аграрларды ау 1 sagt
Шамалғандағы апат: дәрі 1 sagt
«шұғылалы 70 жыл — жұңх 1 sagt
Түп нұсқаны оқып,матынд 1 sagt
Алматыда жиһаз цехы өрт 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев: Мо 1 sagt
Ауылда жемшөп қымбат, Ү 1 sagt
Қазақстандықтардың орта 1 sagt
Әминді» намазда іштей а 1 sagt
Ауылда жемшөп қымбат, Ү 1 sagt
Кез-келген зайырлы қоға 1 sagt