Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-181247426542 %58 %

Алматыда тапа-тал түсте біреулер балалы әйелге шабуыл жасады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:09 - 2019/09/12


Алматыда тапа-тал түсте біреулер балалы әйелге шабуыл жасады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  – Алматыда ер адам арбамен бала сүйреткен әйелді тапа-тал түсте тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мыңға тарта елордалық интернет-алаяқтарға алданып қалды Сенатор балалар мен әйелдерге зорлық көрсеткендерді өлім жазасына кесуді ұсынды Жамбыл облысында жыл басынан бері 25 браконьер ұсталған

Қылмыс дерегі Саяхат маңындағы аулалардағы камералардың біріне түсіп қалған. Бұл видео әлеуметтік желіде   таралып жатыр.   

Бейнекадрда түскі 15:20 шамасында басына кепка киген ер адам арбамен баласын сүйреп бара жатқан әйелдің артынан кеп, тұтқиылдан шабуыл жасаған. Ары қарай не болғаны белгісіз.

Полиция департаменті аталған видео туралы төмендегідей түсінік берді.

«Бұзақылық туралы хабарлама 15:40-та кезекші пультіне түсті. Жәбірленген әйелдің айтуынша, қылмыскер оның мойнындағы алтын алқаны алып кеткен. Жедел түрде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері маңайды тінтіп шықты. Күдіктінің сырт белгілері партуль қызметтеріне таратылды. Жетісу аудандық полициясы арнайы жедел-тергеу тобын құрды. Қазір бірнеше камерадағы видео іс материалдарына тіркелді. Күдіктінің кім екендігі анықталып жатыр. Бұл дерек ҚР ҚК 191-бабымен тергеу ісі реестірне тіркелді», - деді Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047101
Пікірлер

Көрші сілтемелер