Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-281599433536 %64 %
2020-01-291577496140 %60 %
2020-01-30375100756 %44 %

Жол айрығы құрылысының ақшасы жер учаскелерін сатып алуға жұмсалады - Алматы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:42 - 2019/09/12


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов Сейфуллин мен Жансүгіров қиылысындағы жол айрығының құрылысы неге тоқтап тұрғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өмірзақ Шөкеев Арыста құрылысты тұрғын үй иелерінің өтініштеріне сай жүргізуді тапсырды Петропавлда жаңа студенттер жатақханасы салынады Лондонда 360 градус бейнелі бассейн ашылмақ

Аудан әкімінің айтуынша, 117 үйді иелерінен сатып алуда проблема туындап тұр.

Бұған дейін аталған ауданда тұратын үй иелері Бақытжан Сағынтаевпен кездесуде бірнеше жылдан бері өтемақы ала алмай жатқанын айтып шағымданған еді.

Бұл үйлердің орнына жоспар бойынша Сейфуллин Жансүгіров жол айрығы салынатын болған еді.

«Бұл мәселе 2-3 жыл қатарынан шешіліп келеді. Тұрғындарды түсінуге болады. 117 үйдің иелеріне хабарландыру келген. Олар үйлерін не сата алмайды, не басқасын сатып ала алмай, байланып отыр. Қала әкімі бұл мәселені өз бақылауына алды. Жол айрығын салуға белгіленген қаражатты жер учаскелерін сатып алуға бағыттау шешілді. Тұрғындармен мәселені шешпей жатып, жол айрығы құрылысын бастау қажет емес. 20 қыркүйектен кейін республикалық бюджет нақтыланады. Сол кезде жер учаскелерін сатып алуға 3,6 млрд теңге қарастырылған. Қыркүйекте бұл қаражат мақұлданса, 5-10 қазанда шоттарға аударылады. Сондықтан, 2-3 күнде жер учаскелерін сатып алу процедурасын бастаймыз», -  деді Мақсат Қиқымов.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047087
Пікірлер

Көрші сілтемелер