Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-17973305940 %60 %

Ермек Маржықпаев Көкшетаудағы мердігерлердің сылбыр қимылын сынады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:57 - 2019/09/12


Ермек Маржықпаев Көкшетаудағы мердігерлердің сылбыр қимылын сынады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық шеңберінде салынып жатқан жол-көліктік инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарының құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Ведомствоның мәліметінше, Назарбаев даңғылындағы көшені жаңғырту қаланың орталық көшелеріндегі көлік қозғалысын біршама азайтуға көмектеседі. Мұнда Абай және С.Жүнісов көшелерінің қилысар тұсындағы жолдың тас жамылғысы жақсартылып, төрт бағыттағы жол айырығы салынуда. 

Жол жөндеу жұмыстарымен танысқан аймақ басшысы мердігерлердің сылбыр қимылынан қала тұрғындарына қатынау қиындық туғызып отырғанын сынға алды.



«Бүкіл қалада кептеліс. Мұның сіздерге қатысы жоқ сияқты. Екі ауысымға көшіп, жұмысты ширату қажет», - деген Ермек Маржықпаев қала басшылығы мен мердігерлерге Назарбаев даңғылының С.Жүнісов көшесімен қиылысар тұсында жол айырығын салу және асфальт төсеу жұмыстарын қыркүйектің 20-на дейін аяқтауды тапсырды.

Осы күні Қопа көлінің жағалауында құрылыс жұмыстары басталды. Қала әкімі Амангелді Смайыловтың айтуынша, Қылшақты өзені арқылы салынатын жаңа көпірдің маңына құм төсеу жұмыстары аяқталған. Жақында бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, диаметрі 1,5 метр бетон қазығын қағу жоспарланған. 



Сонымен қатар, облыс әкімі «Көктем» шағынауданындағы инженерлік желі магистралының құрылысы, НПС көшесінен қалалық жылу қазандығына дейінгі аралықтағы жылу магистралы, «Васильковка» және «Центральный» шағынаудандары аралығындағы көшелерде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарына назар аударды. Мердігерлерге әр нысанның маңызын түсіндіре келе, құрылыс және жөндеу жұмыстарын сапалы әрі кестеге сай жүргізуді тапсырды.
 



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1047056
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Алматыда балалы әйелге 1 min
Күрес түрлерінен әлем ч 7 min
Ғаламшардағы ірі азулы 9 min
Асқар Мұқанов: Рамазан 9 min
Қазақстан мен Ресей шек 9 min
Балаңыз солақай болса. 14 min
Ақтөбеде жалған дипломм 19 min
Биыл болған оқиғаны кө 19 min
Президент «Урожай» ЖШС- 19 min
Мәжілісте сот рәсімдері 28 min
Бір белдеу, бір жол ақп 29 min
Біртүрлі рекордтарымен 29 min
Өзбекстан Түркі кеңесі 29 min
Мемлекет басшысы Т. Уәл 29 min
Ақтөбеде банкрот болған 1 sagt
Рудныйда жоғалып кеткен 1 sagt
Тілек Ырысбек. Алақаны 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ай 1 sagt
СҚО-ны газдандыру өзект 1 sagt
Президент аграрларды ау 1 sagt
Шамалғандағы апат: дәрі 1 sagt
«шұғылалы 70 жыл — жұңх 1 sagt
Түп нұсқаны оқып,матынд 1 sagt
Алматыда жиһаз цехы өрт 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев: Мо 1 sagt
Ауылда жемшөп қымбат, Ү 1 sagt
Қазақстандықтардың орта 1 sagt
Әминді» намазда іштей а 1 sagt
Ауылда жемшөп қымбат, Ү 1 sagt
Кез-келген зайырлы қоға 1 sagt