Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-21509174761 %39 %

Негізгі өсім шикізаттық емес секторға тиесілі болады - Үкімет



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:09 - 2019/09/12


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінде елдің 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда Солтүстік инвестициялық банктің өкілдігі ашылады Қазақстандықтар қандай депозиттерді көбірек таңдайтыны белгілі болды Нұр-Сұлтанда халықаралық сарапшылар «жасыл қаржы» мәселелерін талқылайды

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев болжамды қалыптастырудың негізгі факторларына тоқтала келе, бұл ретте  Жалпы ішкі өнім бойынша 2018 жылғы есептік статистикалық деректер, биылғы 7 айдағы экономика дамуының қорытындылары қамтылғанын атап өтті.

«Жалпы ішкі өнімнің өсуі 4,2 пайызды құрады. Инфляция нысаналы дәлізде (5,4%), инвестициялар 11 пайыз деңгейінде өсуде. Әлемдік қаржы ұйымдарының мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылы мұнай бағасының консенсус-болжамы 65 долларды құрайды. Ал 2020 жылы бір баррель үшін 63 долларына дейін төмендейді», - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты Қазақстан экономикасы дамуының ықтимал үш сценариі қаралды. Болжам мен бюджеттік параметрлерді қалыптастыру үшін базалық сценарий негізге алынды. Ол мұнай бағасын 55 доллар көлемінде көздейді.

«Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2020 жылы 4,1 пайыз деңгейінде болжанып отыр. 2024 жылы ол 4,7 пайызға жетеді. Орташа жылдық өсу қарқыны 5 жылда 4,4 пайызды құрайды. ЖІӨ-нің жалпы жинақтың, ішкі тұтынудың және экспорттың өсуі есебінен қамтамасыз етіледі. Инвестициялар экономикалық өсуді қолдаудың маңызды факторы болады», - деді М. Такиев.

Салалық бөліністе негізгі өсім шикізаттық емес секторына тиесілі болады. Бұл өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету саласы және құрылыс. Бұл салалардың орташа өсімі 4,7 пайыз деңгейінде болады. Жалпы ішкі өнімнің өсуіндегі салымы 3,5 проценттік тармақты құрайды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046984
Пікірлер

Көрші сілтемелер