Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-131000392439 %61 %
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-15946325237 %63 %

ҚР Президенті: Машина жасау – Қазақстанның өндірістік дамуының жарқын мысалы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:42 - 2019/09/12


ҚР Президенті: Машина жасау – Қазақстанның өндірістік дамуының жарқын мысалы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан машина жасаушыларының VII форумына қатысушыларының жұмысына сәттілік тілеп, құттықтау хат жолдады.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев CCTV телеарнасына сұхбат берді Қасым-Жомарт Тоқаев ғалым-нейрохирург Серік Ақшолақовты қабылдады Қазақстан Президентінің апталық жұмысына видеошолу

Мемлекет басшысының хатын елордадағы форум барысында көмекшісі Мәулен Әшімбаев оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта машина жасау саласы, қосалқы бөлшектер мен құраушылар өндірісінен бастап, өнімнің түпкі түрлерін жасауға көшті: заманауи тепловоздар, электровоздар, жолаушылар және жүк вагондары, астық жинаушы комбайндар, автобустар, жүк және жеңіл автокөліктер, транформаторлар мен басқа да күрделі жабдықтар. Бұл сала әлемдік экономикалық ахуалға сәтті бейімделген және Қазақстанның өндірістік дамуының жарқын мысалы. ХХІ ғасыр төртінші өнеркәсіптік революцияның бастауымен ерекшеленеді. Машина жасау Қазақстанның жетекші салаларының бірі ретінде жаһандық үдерістерімен үзеңгілес жүретініне менің сенімім мол», - деді Президенттің құттықтау сөзін оқып берген Мәулен Әшімбаев.

Өзінің құттықтау хатында Президент машина жасаушылар мен мемлекеттің бірлескен ұмтылысы осы саланың экономиканы жаңғыртудың драйвері болуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Қазақстан машина жасаушыларының VII форумының қатысушыларына жемісті еңбек және алға қойған мақсаттарына қол жеткізуде жетістіктер тілеймін», - делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы өтіп жатыр. Форумды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұйымдастырған. Биыл форум «Машина жасау – Қазақстанды индустрияландыру драйвері» ұранымен өтеді.

Жыл сайын форумға Германия, АҚШ, Жапония, Италия, Чехия, Ресей, Қытай секілді ірі 20 мемлекеттің делегаттары қатысады. Осылайша, отандық кәсіпорындар елден шықпай-ақ шетелдік әріптестерімен кездесу өткізуге мүмкіндік алады. 

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы өтіп жатыр.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046973
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Алматы облысында пойыз 2 min
Пойыз бен автобустың со 11 min
Бокстан әлем чемпионаты 14 min
Пойыз бен автобус соқты 23 min
Бокстан әлем чемпионаты 29 min
Діни бірлестіктермен ба 1 sagt
Сенбілік кейінге шегері 1 sagt
ҚПЛ: «Астана» мен «Қайр 1 sagt
Пойыз бен автобустың со 1 sagt
Бас мүфти Сенат төрағас 1 sagt
Пойыз бен автобустың со 1 sagt
Алматы облысында жолауш 2 sagt
Алматы облысында жолауш 2 sagt
Күрес түрлерінен ӘЧ: Ал 2 sagt
Шинжяң хабарлары шинжяң 2 sagt
Президент алматылықтар 2 sagt
Шинжяң хабарлары автоно 2 sagt
Атырау облысында жол ап 3 sagt
Бокс: Ресейдегі әлем че 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев алм 3 sagt
Атырауда бір тәулікте 9 3 sagt
Елордада тазарту құрылғ 3 sagt
Нұр-Сұлтанда күрестен ә 4 sagt
БҚО-да тұрғын үйде өрт 4 sagt
Нұр-Сұлтанда күрестен ә 4 sagt
Қазақстанда апта ішінде 4 sagt
Жас эквилибрист Әмина С 4 sagt
Сауд Арабиясында дронда 4 sagt