Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2217865146 %54 %

Машина жасау – Қазақстанның өндірістік дамуының жарқын мысалы - ҚР Президенті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:36 - 2019/09/12


Машина жасау – Қазақстанның өндірістік дамуының жарқын мысалы - ҚР Президенті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан машина жасаушыларының VII форумына қатысушыларының жұмысына сәттілік тілеп, құттықтау хат жолдады.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев CCTV телеарнасына сұхбат берді Қасым-Жомарт Тоқаев ғалым-нейрохирург Серік Ақшолақовты қабылдады Қазақстан Президентінің апталық жұмысына видеошолу

Мемлекет басшысының хатын елордадағы форум барысында көмекшісі Мәулен Әшімбаев оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта машина жасау саласы, қосалқы бөлшектер мен құраушылар өндірісінен бастап, өнімнің түпкі түрлерін жасауға көшті: заманауи тепловоздар, электровоздар, жолаушылар және жүк вагондары, астық жинаушы комбайндар, автобустар, жүк және жеңіл автокөліктер, транформаторлар мен басқа да күрделі жабдықтар. Бұл сала әлемдік экономикалық ахуалға сәтті бейімделген және Қазақстанның өндірістік дамуының жарқын мысалы. ХХІ ғасыр төртінші өнеркәсіптік революцияның бастауымен ерекшеленеді. Машина жасау Қазақстанның жетекші салаларының бірі ретінде жаһандық үдерістерімен үзеңгілес жүретініне менің сенімім мол», - деді Президенттің құттықтау сөзін оқып берген Мәулен Әшімбаев.

Өзінің құттықтау хатында Президент машина жасаушылар мен мемлекеттің бірлескен ұмтылысы осы саланың экономиканы жаңғыртудың драйвері болуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Қазақстан машина жасаушыларының VII форумының қатысушыларына жемісті еңбек және алға қойған мақсаттарына қол жеткізуде жетістіктер тілеймін», - делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы өтіп жатыр. Форумды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұйымдастырған. Биыл форум «Машина жасау – Қазақстанды индустрияландыру драйвері» ұранымен өтеді.

Жыл сайын форумға Германия, АҚШ, Жапония, Италия, Чехия, Ресей, Қытай секілді ірі 20 мемлекеттің делегаттары қатысады. Осылайша, отандық кәсіпорындар елден шықпай-ақ шетелдік әріптестерімен кездесу өткізуге мүмкіндік алады. 

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы өтіп жатыр.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046971
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қазақстанның кей өңірін 6 min
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 15 min
Мемлекет басшысы бірқат 16 min
Осы араны басып көріңіз 16 min
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 21 min
Мемлекет басшысы белгіл 26 min
Президенттік жастар кад 26 min
БҚО мектептерінде «Жас 1 sagt
Әлемде климаттың өзгеру 1 sagt
Елордада екі мыңға жуық 1 sagt
Түркістанда алғаш рет « 1 sagt
"Орталық - 2019" страте 1 sagt
Бокстан әлем чемпионаты 1 sagt
Маңғыстау облысындағы к 1 sagt
22 қыркүйек. Туған күн 1 sagt
Павлодарда асылып қалға 1 sagt
Бурабай әкімі мас күйде 2 sagt
Түркиядан Грекияға күн 2 sagt
"Оңай" картасы доллар б 2 sagt
Ақтөбе облысында үйден 2 sagt
500-ден астам солтүстік 2 sagt
Қазақстан Сенаторлары к 2 sagt
Мыңдаған алматылық жары 2 sagt
22 қыркүйек. ҚазАқпарат 3 sagt
Әблязовтың сыбайластары 3 sagt
Алматыда халық жазушысы 3 sagt
Əбу Насыр Әл-Фараби жəн 3 sagt
Вице-министр көпбалалы 3 sagt
Бас прокуратура қазақст 3 sagt
Дінтанушы: Дәстүрлі исл 3 sagt