Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-181247426542 %58 %

Қызылордада 8 млн теңгенің заттарын қолды еткен ұрылар қолға түсті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 09:51 - 2019/09/12


ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада пәтер ұрлығы және бірнеше қылмысқа қатысы бар екі тұрғын сотталды. Олар жәбірленушілерге 8 млн теңгеге жуық шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мал ұрлығы ауыр қылмысқа жатқызылуы мүмкін Баласын ұрып талдырған әке сотталды Ақмолада жарылғыш зат саудалаған күдікті ұсталды

Қызылорда қаласының екі тұрғыны пәтер ұрлығын түнгі уақытта жасаған. Олар жатын бөлмесінің терезесі арқылы үйге кірген. Нәтижесінде теледидар, зергерлік бұйымдар және бағалы киімдерді қолды еткен.

«Орын алған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Тергеу барысында күдік келтірілген  қаланың екі тұрғыны бұл қылмыстан бөлек жасаған 8 эпизодқа қатысты қылмысы әшкереленді. Күдіктілер жасаған барлық қылмысын толық мойындады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 7. 785 000 теңгені құрайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен олардың бірі 3, екіншісі 1 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Бұдан бұрын Қызылордада кәсіпкерге шабуыл жасаған 6 адам қолға түскенін хабарлаған едік.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046953
Пікірлер

Көрші сілтемелер