Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-18906332945 %55 %

Ақмоланың Сандықтау ауданында мемлекеттік тілдегі 30 оқулық таныстырылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 06:48 - 2019/09/12


Ақмоланың Сандықтау ауданында мемлекеттік тілдегі 30 оқулық таныстырылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Сандықтау ауданында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде қазақ тіліне аударылған 30 оқулық пен оқу құралы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оқушы оқулықты мектепке тастап кетіп, үйінде электронды нұсқасымен дайындала алады Барлық мектеп 1 қыркүйекке дайын болуы керек – Үкімет басшысы Министр оқулық сарапшылары қалай іріктелу керектігін айтты

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, алғашқы ақпараттық - түсіндіру жұмыстарына «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

Көкшетаудан барған қонақтарды Балкашиндегі №1 орта мектептің 9-10 сынып оқушылары қарсы алды.

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңесесінің басшысы Қайрат Сейтқазин мен Жастар ресурстық орталығы ақпараттық- талдау бөлімінің басшысы Гүлзат Бекбауова жоғары сынып оқушыларына алмыш кітаптарды үлестірді.

Оқулықта философия, социология, психология, экономика, тіл меңгеру, кәсіпкерлік, дінтану, антропология журналистика салалары қамтылған.

«Жоғары оқу орны немесе арнайы орта колледжге оқуға түсіп, біліміңді одан әрі шыңдау қажет. Осы кезде, сізге әдеби кітаптар теңдесіз көмек көрсетеді», - деп атап өтті «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Қайрат Сейтқазин.

Осындай пікірді Жастар ресурстық орталығы ақпараттық- талдау бөлімінің басшысы Гүлзат Бекбауова да айтты.

Жалпы, қыркүйек айының соңына дейін ақпараттық-насихат тобы облыстың барлық аудандарында болып, осындай кездесулер өткізбекші.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046931
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар