Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-121633409037 %63 %
2019-12-131401443142 %58 %
2019-12-141300376055 %45 %

Елбасы тапсырмасы: «NurOtan» Қостанайдағы құрылыс нысандарына қатысты талапты күшейтпек



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 03:00 - 2019/09/12


Елбасы тапсырмасы: «NurOtan» Қостанайдағы құрылыс нысандарына қатысты талапты күшейтпек

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – «NurOtan» партиясы Қостанай облыстық филиалында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Партияның баспасөз қызметіне таратқан ақпаратқа сүйенсек, жиында Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша қоғамдық бақылауды орнату кеңінен сөз болды. Облыстық бақылау комиссияның төрағасы Михаил Дәуеновтың айтуынша, партиялық бақылауды күшейтіп, мемлекеттік бағдарламалардың негізгі тетіктерін түсіндіру жұмыстары қолға алынбақ.

«NurOtan» партиясының экономиканы дамытуда, азаматтардың әл-ауқатын арттыруда, барлық санаттағы халықтың жағдайын жақсартудағы рөлін айқын байқауға болады. Барлық күш-жігерді Мемлекет басшысы айқындаған мақсаттарға жұмсауымыз керек. Сол себепті, нақты жоспарлар бекітіледі», - деді Михаил Дәуенов. 

Жиын барысында «Qutty meken» партиялық жобасы шеңберінде мемлекеттік бағдарламалармен салынып жатқан құрылыс нысандарына қатысты талапты одан әрі қатаңдату керектігі айтылды.  

«Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев саяси кеңесте партиялық бақылауды күшейту керектігін тапсырды. Партиялық бақылау комиссияның құрамына кіретін қалалық және облыстық мәслихат депутаттары тарапынан жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарына қатысты мониторинг пен бақылау шаралары одан әрі жүйелене түседі», – дейді партиялық бақылау инспекторы Бауыржан Сабыржан.

Мәжіліске қатысушылар партия мүшесінің әдеп кодексін сақтауы, қоғамдағы жемқорлыққа қатысты «нөлдік төзімділікті» таныту, жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру жайын талқылады.  

Алдағы уақытта жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған іс-шаралар көптеп өткізілмек. Мектеп оқушылары мен студенттер де назардан тыс қалмайды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046912
Пікірлер

Көрші сілтемелер