Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-18425142145 %55 %

Кәсіпкерлерді тексерудің нақты регламенті жоқ – «Атамекен» ҰКП



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:15 - 2019/09/11


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпкерлік нысандарды тексерудің нақты регламенті жоқ. Осының салдарынан сыбайлас жемқорлық тәуекелі артқан. Бұл туралы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті ауыл шаруашылық кәсіпорындарын шектен тыс жиі тексеретінін айтты.

«2016 жылдан бері ҚР Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті жүргізетін тексерулер саны 6 есе өскен. Ал Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің тексерулері 4 есе жиілеген. Ал осы тексерулерді жүргізу тәртібі заңнамалық актілермен реттелмеген. Тексерулердің нақты регламенті болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындататыны белгілі», - деді кеңес төрағасы.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкрлікті дамыту жөніндегі сараптамалық тобының тең төрайымы Гүлнар Құрманбаеваның айтуынша, алкоголь саудасы мен көші-қон саласы да тексерулер мен айыппұлдардан көз ашпай кеткен.

«Полиция өкілдері кәмелет жасына толмаған балаларды жедел әрекеттерге тартады. Сол арқылы жедел іздестіру заңнамасын бұзады. Балаларды заңбұзушылық анықтауға немесе заңсыздық туындатуға пайдалану көп тіркеледі. Ал көші-қон саласында полиция өкілдері 2018 жылы 530 тексеру жүргізген. Соның салдарынан кәсіпкерлік нысандар 1,6 млрд теңгеден астам айыппұл төлеуге мәжбүр болған. Оның бір бөлігі негізсіз салынған деп есептейміз.  Биылдың өзінде көші-қон саласында ішкі істер саласының 20 қызметкері сыбайлас жемқорлық бойынша жауапқа тартылып отыр», - деді Гүлнар Құрманбаева.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046657
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


18-19 қыркүйек күндерi 6 min
Иранмен соғысқа ең алды 6 min
Оралда тағы бір тұрғын 9 min
СҮННЕТКЕ САЙ МИСУАҚ ҚОЛ 11 min
5 қазанда Головкин екі 12 min
Қазақстан сотынан Украи 15 min
Сиез Хатшылығының отыры 21 min
Мұхтар Әуезовтің Сәбеңе 21 min
Астанада тұрғын үй кезе 21 min
Мемлекет басшысы ауылд 21 min
Осы араны басып көріңіз 21 min
Адамды қан тамырларына 21 min
Украинада Қазақстан сот 27 min
Автобус жүргізушісінің 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақстан жыл басынан б 1 sagt
Елордада 250 халықаралы 1 sagt
Нұр-Сұлтан әкімдігі зей 1 sagt
«Бәйтерек» монументі уа 1 sagt
Елорда әкімдігі зейнетк 1 sagt
Дариға Назарбаева: Әлем 1 sagt
Атырауда бір жылда 764 1 sagt
Отношение государства и 1 sagt
Атырау облысында өткен 1 sagt
Джек Ма: "Ақымақтар ға 1 sagt
Қазақстанда жеңіл су ту 1 sagt
Өнерің өрге жүзсін, жас 1 sagt
Полицейлерді балағаттағ 1 sagt
Бокстан Әлем чемпионаты 1 sagt
Елордада тұрғын үй кезе 1 sagt