Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-18425142145 %55 %

Үндістан азаматы «Эйр Астана» ұшағында шу шығарды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:48 - 2019/09/11


Үндістан азаматы «Эйр Астана» ұшағында шу шығарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көлік полицейлері әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Үндістан азаматын «Алматы-Шымкент» әуе рейсінен түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, Алматы қаласының әуежайындағы  полиция желілік бөліміне «Эйр Астана» әуе компаниясының өкілі хабарласып, «Алматы-Шымкент» бағытында қатынайтын ұшақ бортында құқық бұзушы бар екенін айтқан. Көлік полицейлері тексеру барысында 43 жастағы Үндістан азаматына анықтаған.  Мас үндістандық өзін дөрекі ұстап, ұшақ жолаушыларының мазасын алған. 

«Деструктивті жолаушы мән-жайды анықтау үшін аталған әуе рейсінен акті толтыру арқылы түсірілді. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол «орташа деңгейде» мас болған. Оның үстінен ҚР ӘҚБтК 440-бабы 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды және 12 625 теңге әкімшілік айыппұл салынды», - делінген таратылған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың басынан бері еліміздің көлік полицейлері 28 590 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 4 669 адам қоғамдық орында алкоголь сусынын ішкені немесе қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін жазаланды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046636
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар