Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-201839508052 %48 %
2020-01-211438405941 %59 %
2020-01-2223661643 %57 %

Қостанайдағы Гагарин көшесінің атауы өзгереді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:06 - 2019/08/26


Қостанайдағы Гагарин көшесінің атауы өзгереді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласындағы Гагарин көшесінің атауы өзгеруі мүмкін. Осы мәселеге қатысты қалалық әкімдікте қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық тыңдауда бастамашыл топтың өкілдері баяндама жасады. Автомобиль транспорты колледжінің техникалық бөлімінің басшысы Владимир Закалюжныйдың сөзінше, педагогтар мен студенттер қаладағы Гагарин көшесін ҚР Тұңғыш Президент атындағы даңғылға айналдыру жөнінде ұжымдық хат жазған.

«ҚР Президенті Қ.Тоқаев Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың есімін облыс орталықтарындағы көшелердің біріне беру туралы бастама көтерді. Біздің ұжым мұны бірауыздан қолдады. Елбасының стратегиялық бастамаларының арқасында Қазақстан интеграциялық үдерістердің басты локомотивіне айналды. Республикамыз ірі және беделді халықаралық ұйымдардың белсенді қатысушысы саналады. Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесінде техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ерекше мән берді. Біздің колледж Гагарин көшесінде орналасқан. Юрий Гагарин – ғарышқа ұшқан алғашқы адам. Әлемдегі алғашқы ғарышкердің аты ұмытылмайды. Алайда, Елбасының еңбегі лайықты бағасын алуы тиіс», – деді Владимир Закалюжный.

Колледждің ұсынысын «АгромашХолдинг» кәсіпорнының директоры Сергей Могилатов та іліп әкетті.

- Қоғамдық тыңдауда ел пікірі, ұсыныстары талқыға түседі. Сол себепті, қазіргі Гагарин көшесінің бойында орналасқан біздің кәсіпорын ұжымы колледждің бастамасын қолдайды. Өйткені, 1982 Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы арқылы Қостанай дизель зауыты ашылды. Содан бастап, өңірде машина құрастыру саласы қарыштап дамыды. Биыл мұнда 24 мың автокөлік шығарылады, - деді кәсіпорын директоры.

Бастамашыл топ Юрий Гагарин есімін Гвардейский көшесіне көшіру туралы мәселені маңызды деп есептейді. Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты толығымен қолдады. Ал Гагарин көшесін ҚР Тұңғыш Президент атындағы даңғылға айналдыру ұсынысы республикалық ономастикалық комиссияда қаралатын болды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1038632
Пікірлер

Көрші сілтемелер