Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1616752240 %60 %

Еліміздегі ең үлкен жылыжай Түркістанда салынады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:57 - 2019/08/23


Еліміздегі ең үлкен жылыжай Түркістанда салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев және «ЭКО Культура» агроөнеркәсіптік холдингі президенті Александр Рудаков, сондай-ақ, «Green Land Alatau» бас директоры Алмас Дауытовтың қатысуымен жиын өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде инвестиция және экспорт басқармасы, Экономика және бюджеттік жобалау басқармасы, «Kazakh Invest» аймақтық өкілдігі, «Turkistan Invest» фронт-офистің басшылары, «Kazakh Invest» ҰК АҚ Төрағасы орынбасары және бас менеджері қатысты.

Басқосу барысында Түркістан облысы Келес ауданында аумағы 500 гектардан асатын жылыжай кешендерін салу туралы Түркістан облысы әкімдігі, «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ, «Эко-культура» АӨХ ЖШҚ, «Green Land Alatau» ЖШС және Еуразиялық даму банкінің ортасында 5 жақты инвестициялық келісімге қол қойылды. Жоспарланған инвестициялар мөлшері 1,1 млрд. АҚШ долларын (424 млрд. теңге) құрайды. Жобаны қаржыландыруды, сондай-ақ, ЕДБ қаржы құралдары арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жыл 17 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында «ЭКО-культура» АӨХ ЖШҚ Президенті Александр Рудаков және ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин тиісті меморандумға қол қойған болатын. Жылыжай мега-кешенінің жобасы серіктес«ЭКО Культура» агроөнеркәсіптік холдингінің қазақстандық «Green Land Alatau» компаниясына көмегі арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда Түркістан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы қажетті инфрақұрылым жүргізу бойынша таңдалған учаскеде есептеулер жүргізілді. Инженерлік желілер жүргізуге қажетті жалпы сомасы жобамен 10,3 млрд. теңге, соның ішінде 2020-2021 жж. – 3,7 млрд. теңге, 2020-2023 ж. – 6,6 млрд. теңгені құрайды.

«ЭКО-культура» ЖШС-нің жылыжай кешендері өсіп жатқан дақылдардың толық циклін бақылайтын, жылыту жүйесі мен салқындатуды, жарық режимін, тамшылатып суаруды, атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін басқаратын заманауи автоматтандырылған климаттық бақылау жүйесімен жабдықталатын болады. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1038295
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Бас мүфти Жібек жолы ел 1 min
Оралда полиция қызметке 1 sagt
ҚР Президенті жолдауыны 1 sagt
Жастар жылы: Таразда «Б 2 sagt
МЕШІТ ӘДЕБІ – Sun 2 sagt
Египетте перғауындар дә 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Алтын бұйырмады: Нұр-сұ 2 sagt
«Жолда қабылдау»: СҚО-д 2 sagt
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҒАЛЫМДА 3 sagt
Самбодан Азия чемпионат 3 sagt
БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ ЕЛШІС 4 sagt
Қоқандтағы қолөнер фест 4 sagt
Оралда қос автокөлік со 4 sagt
Кубада бензин тапшылығы 4 sagt
Пойыз бен автобус соқты 4 sagt
Менің жазғы демалысым 4 sagt
Оралда қос автокөлік тү 4 sagt
Шамалғандағы апат бойын 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Апаттан зардап шеккенде 5 sagt
Хабарландыру! – S 5 sagt
Пойыз бен автобус соқты 5 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 5 sagt
Футболдан кезекті қайыр 5 sagt
Шамалғандағы апат болға 5 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 5 sagt
Бас көлік прокуратурасы 5 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt