Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-211438405941 %59 %
2020-01-221516443648 %52 %
2020-01-23356110664 %36 %

Құмар Ақсақалов: Біздің міндетіміз оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:33 - 2019/08/23


Құмар Ақсақалов: Біздің міндетіміз оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда өткен оқу жылын қорытындылап, болашаққа бағдар берген ұстаздардың дәстүрлі тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оқушылар мектеп бітіргенде домбырада 10 күй ойнай алуы тиіс - Маңғыстау әкімі Жамбылда «Мектепке жол» акциясы мешітте жалғасты Талапкерлер  ЖОО таңдағанда қандай мәселелерге назар аударғандары жөн – ҚР  БҒМ

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұғалімдердің тамыз конференциясына өңір басшысы Құмар Ақсақалов қатысты. Жыл санап білім саласына бөлінген қаржы өсіп келеді. Соңғы 3 жылда қаржы көлемі 29% ұлғайды. Биыл білім саласына 30% жұмсалды. Бұның барлығы жаңа мектептер салып, күрделі жөндеу жүргізуге, инфрақұрылымды жаңғыртып, ғылымды дамытуға көмектеседі.Биыл «Жас өркен» және «Береке» ықшам аудандарында жаңа екі мектеп пайдалануға берілмек. Облыстың 296 білім ордасы жөнделді. Бұл былтыр жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражатпен  салыстырғанда 12 есе артық.

«Биыл елімізде 323 мектеп күрделі жөндеуден өтті, оның ішінде 130 мектеп СҚО-да орналасқан. Бұл - барлық мектептердің 40%. Біздің басты міндеттеріміздің бірі – оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау», - деді Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысы басқа да басым бағыттарға тоқталды. Оның ішінде жас мамандардың ауылдарда орнығуы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  аясында жобаларды жүзеге асыру, үш ауысымдық мектептерді жою, педагог статусын жоғарылату бар. 

Облыс әкімі жуырда Петропавлда жаңа аутизм орталығының ашылатынын айтты. Сондай-ақ, әр ауданда инклюзивті орталықтарды ашуға тапсырма берді.

«Петропавлда «Аутизм. Әлем бәріне бір» атты орталық ашылады. Ол жерде үш инклюзия кабинеті жұмыс істейді. Қазір облыстың аудандарында бірде-бір инклюзия кабинеті жоқ. Әр ауданда осындай ресурстық кластар ашуды тапсырамын. Бұл жұмысқа меценаттарды тартқан дұрыс», - деді өңір басшысы. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1038288
Пікірлер

Көрші сілтемелер