Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21667272339 %61 %

Таразда жыл соңына дейін 148 көше жөнделеді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 06:15 - 2019/08/23


Таразда жыл соңына дейін 148 көше жөнделеді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылдың соңына дейін Тараз қаласында 78 шақырымдық 148 көше жолы, бұрылыстар мен тұйықтар орташа жөндеумен қамтылады , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде  бұл жұмыстар басталып кетті. Қазіргі таңда шаһардың «Шалғай Қарасуда» ауданында ұзындығы 520 метрді құрайтын Прибалхашская көшесінен Анарбаев көшесіне дейін қалыңдығы 6 см болатын асфальт жабындысы төселуде. Одан өзге мұнда балалардың қауіпсіздігі үшін № 21 мектепке дейін жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады. Тараз қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбаһрам Дүйсекова құрылыс сапасы мамандардың қатаң қадағалануында екенін мәлім етті.

  «Айта кету керек, биылғы жылы қалада«Тайвань», «Арай» тұрғын алабы орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 600 млн теңгеге қаланың көпқабатты тұрғын үйлері орналасқан шағын аудандардағы жол жабындыларын ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылатын болады»,- дейді Г.Дүйсекова.

  Сол сияқты қалаға қарасты «Бурыл А,Б,В» тұрғын үй алабының 26 шақырымды құрайтын 50 көшесіне 260 миллион теңгеге шағал тас төселуде. Жұмыстарды «Айя сервис» ЖШС жүргізуде. Бүгінде мұнда шағал тастардың бірінші қабаты салынып жатыр. Алдағы уақытта техникалық талаптарға сәйкес екінші қабаты жүргізілетін болады.Нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі болғанмен, мердігер компания жұмыстарды кестеден бұрын, жыл соңына дейін тапсыруды көздеп отыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1037870
Пікірлер

Көрші сілтемелер