Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171254396739 %61 %

Елімізде химия өнеркәсібі өнімдерінің көлемі артты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 23:57 - 2019/08/22


Елімізде химия өнеркәсібі өнімдерінің көлемі артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2010 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қазақстанда химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі 3,2 есеге ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, көрсеткіштердің осыншама деңгейде ұлғаюы химия кәсіпорындарын қалпына келтіру және жаңғырту, сондай-ақ Индустрияландыру картасы шеңберінде жаңа инвестициялық жобаларды енгізу есебінен жүзеге асқан. 2010-2018 жылдар аралығында бұл бағытта 54 жоба іске асырылып, 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.

«Отандық химия өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосқан - Индустрияландыру картасы. Оның аясында жүзеге асырылған маңызды жобаларды ерекше атап өтуге болады. Павлодар облысындағы «Каустик» АҚ, Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» ЖШС-ның «Натрий гексаметафосфатын және басқа тұздарды өндіру» зауыты, Маңғыстау облысындағы «ҚазАзот» ЖШС аммиак, азот қышқылы және аммиак селитрасы өндірісін жаңғырту жобасы, Жамбыл облысындағы «Talas Investment Company» ЖШС натрий цианидін өндіру зауыты өндірісті дамытуға айтарлықтай серпін берді», - делінген хабарламада.

Бұл жобалар елімізде бұрын өндірілмеген химия өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік берген. Осылайша, Қазақстанда қазіргі таңда каустикалық сода, натрий гипохлориді, сондай-ақ қосылған құны жоғары өнімдерден жуу құралдары, лак-бояу материалдарының, жарылғыш заттардың жаңа түрлері, агрохимия құралдары өндіріліп жатыр.

«Химия өнеркәсібінің ең экспортталатын тауарларының қатарына: сары фосфор, хром оксидтері мен хлоридтері, гербицидтер, хром триоксиді, аммоний нитраты, натрий дихроматы, минералды тыңайтқыштар кірді. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында жұмыс істейді: химия саласындағы 693 кәсіпорын, оның ішінде 10 ірі, 13 орта, 670 ұсақ кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Ал химия саласындағы жұмыспен қамтылғандар саны – 16 мың адамды құрады», - деп хабарлайды министрліктен.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1037851
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Олимпиада жолдамасын ие 5 min
Күзгі егін жинау науқан 10 min
Мұғалімдер, депутаттар 11 min
Тоқаев: Бидайды дер кез 14 min
Түркістан облысында биы 19 min
Ши жинпиң: хәуіпсіздікт 20 min
Путинцева Осакадағы жар 20 min
Түркістан облысында ер 20 min
Диқандарға жеңілдікпен 26 min
Оралда бос қалған өндір 29 min
Қанат Исламның келесі қ 30 min
Табиғи монополияларды р 30 min
Welcome to Aqtóbe: Ақтө 1 sagt
Мемлекет басшысы Петроп 1 sagt
В.Исламова күрестен Ток 1 sagt
Ли кічяң сант - петербу 1 sagt
Шамалғанда шенеуніктер 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ра 1 sagt
Бас инспектор ақау шыққ 1 sagt
Павлодарда 22 жастағы ж 1 sagt
УЕФА Чемпиондар лигасын 1 sagt
Британ премьері Брекзит 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ра 1 sagt
Ли жаншу әзербәйжән, қа 1 sagt
Боз кілемде балуан қызд 1 sagt
Білім және ғылым вице-м 1 sagt
Бас инспектор ақау шыққ 1 sagt
Бокстан әлем чемпионаты 1 sagt
Тоқаев: СҚО-ны газданды 1 sagt
Бас инспектор ақау шыққ 1 sagt