Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171254396739 %61 %

СҚО-да ауылға баратын дәрігерлерге 1,5 млн теңге көтермеақы беріледі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:36 - 2019/08/22


СҚО-да ауылға баратын дәрігерлерге 1,5 млн теңге көтермеақы беріледі

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында медициналық мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында ауылға баратын дәрігерге – 1,5 млн теңге, Петропавлда қалатындарға 500 мың теңге көтермеақы беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов облыс орталығындағы ауруханаларда болып, қондырғыларды жаңарту жұмысымен танысты. Биыл заманауи және жоғары технологиялы медициналық қондырғыларды алуға 4 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.

Бүгінге дейін компьютерлі томограф алынды. Облыстық ауруханада орналасқан аппарат арқылы адамның басындағы, іш құрылысындағы дертті анықтауға болады. Дәрігерлердің айтуынша, оның дәлдігі жоғары, нәтижені аз уақытта көрсетеді.  Бұған дейінгі компьютерлі томограф Тайынша ауданаралық ауруханасына жеткізілді. Облысқа алынған тағы бір қымбат аппарат – бұрын-соңды болмаған цифрлық маммограф.Оның көмегімен қазірдің өзінде мыңға жуық қыз-келіншектен қатерлі ісіктің белгілері табылды. Бұл аппарат жоғары дәлдікпен дерттің орнын көрсетіп береді. Цифрлық маммографтың құны - 140 млн теңге. 

Емханаларға соңғы үлгідегі рентген және ультрадыбыстық зерттеу аппараттары орнатылды. Жыл соңына дейін ангиограф пен МРТ алынады. Мұның бәрі дертті ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ биыл 66 жедел жәрдем машинасы сатып алынады. Оның 20-сы ауруханаларға жеткізілді.

«Облысқа биыл 170 жас маман келеді. Осы күнге дейін 50-ден аса дәрігер келді. Ауылдарға баратын дәрігерлерге - 1,5 млн теңге, қалада қалатындарға 500 мың теңге көтермеақы беріледі. Сондай-ақ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы үй алуға жас дәрігерлерге 1 млн теңгенің сертификатын береміз», - деді Құмар Ақсақалов.

Бүгінде Петропавлда жаңа тұрғын үйлерден 47 пәтер дәрігерлерге дайын тұр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1037775
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Мұғалімдер, депутаттар 28 sek
Тоқаев: Бидайды дер кез 3 min
Түркістан облысында биы 9 min
Ши жинпиң: хәуіпсіздікт 9 min
Путинцева Осакадағы жар 9 min
Түркістан облысында ер 9 min
Диқандарға жеңілдікпен 15 min
Оралда бос қалған өндір 18 min
Қанат Исламның келесі қ 19 min
Табиғи монополияларды р 19 min
Welcome to Aqtóbe: Ақтө 21 min
Мемлекет басшысы Петроп 27 min
В.Исламова күрестен Ток 29 min
Ли кічяң сант - петербу 29 min
Шамалғанда шенеуніктер 29 min
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ра 1 sagt
Бас инспектор ақау шыққ 1 sagt
Павлодарда 22 жастағы ж 1 sagt
УЕФА Чемпиондар лигасын 1 sagt
Британ премьері Брекзит 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ра 1 sagt
Ли жаншу әзербәйжән, қа 1 sagt
Боз кілемде балуан қызд 1 sagt
Білім және ғылым вице-м 1 sagt
Бас инспектор ақау шыққ 1 sagt
Бокстан әлем чемпионаты 1 sagt
Тоқаев: СҚО-ны газданды 1 sagt
Бас инспектор ақау шыққ 1 sagt
Ақтөбе мен Орынбор шека 1 sagt
Қазақстанның бірқатар а 1 sagt