Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-23535344954 %46 %
2019-08-24497243046 %54 %
2019-08-25379186252 %48 %

Рудный тұрғыны пәтерін бөтелкелерге толтырып қойған



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:24 - 2019/08/15


Рудный тұрғыны пәтерін бөтелкелерге толтырып қойған

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Рудныйда пәтерлердің бірінде газ плитаны тексермек болғандар бос бөтелке үйіндісін тапты. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, Рудный полициясына газ қызметінің қызметкерлеріне есікті ашпаған 40 жастағы ер адамның көршілері шағым түсірген. Бұл пәтердегі газ плитасына техникалық тексеру жүргізуге кедергі келтірген. Осыған байланысты сол кіреберістегі пәтерлерге газ беру тоқтатылды.

«Ер адам Рудный қалалық ПБ қызметкерлері, әкімдіктің тұрғын үй инспекциясы өкілі, газ қызметінің қызметкері мен көршілер келіп тұрған соң пәтер есігін ашты. Пәтер антисанитариялық жағдайда болғаны анықталды. Көптеген бос бөтелкелер шашылып жатқан. Осыған байланысты, пәтер иесіне бір айдың ішінде пәтерді қоқыстан тазарту үшін уақыт берілді», - деп түсіндірді облыстық ПД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Газ қызметінің қызметкерлері техникалық тексеру жүргізгеннен кейін газ берілді.

Алайда, осы пәтерге бір аптадан кейін тексеруге келген полицейлер пәтер иесінің үйіндіні тазартпағанын анықтады.

Сондықтан, Рудный полиция басқармасы қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне және СЭС-ке хат жолдайды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034607
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар