Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-151879473554 %46 %
2020-01-161760473058 %42 %
2020-01-171325475864 %36 %

Теннис: Путинцева мен Дияс Цинциннати турнирінің үшінші айналымына өте алмады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 09:12 - 2019/08/15


Теннис: Путинцева мен Дияс Цинциннати турнирінің үшінші айналымына өте алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Юлия Путинцева мен Зарина Дияс Цинциннати (АҚШ) WTA турнирінің үшінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 42-орында тұрған Ю.Путинцева әлемнің 10-ракеткасы, 2017 жылғы US Open турнирінің жеңімпазы, америкалық Слоан Стивенспен кездесті.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық теннисші матчті сәтті бастады – 6:2. Әйтсе де қалған екі сетте С.Стивенс жеңіске жетті – 6:4, 6:3.

Рейтингте 80-сатыдағы Зарина Дияс әлемнің 22-ракеткасы, тағы бір америкалық София Кенинмен күш сынасты. Мұнда С.Кенин басымдылық көрсетті – 6:4, 6:1.

18 тамызда мәреге жететін жарыстың ширек финалына шығу үшін С.Стивенс ресейлік Светлана Кузнецовамен, ал С.Кенин әлемнің 7-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен шеберлік байқасады.

Енді теннисшілерімізге биылғы «Үлкен дулыға» додасының соңғысы, 26 тамыз – 8 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтетін US Open турнирінде табыс тілейміз.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Цинциннати турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034586
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар