Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19377250952 %48 %

15 тамыз: Туған күн иелері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 08:12 - 2019/08/15


15 тамыз: Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 15 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


91 жыл бұрын (1928-1994) ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ғафу ҚАЙЫРБЕКОВ дүниеге келді.

Қостанай облысының Торғай қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Қазақ мемлекеттік баспасы поэзия редакциясының басшысы, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасы поэзия редакциясының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1968-1973 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының жетекшісі. 1973-1989 жылдары - «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары. Қазақстан Жазушылар одағы Ақындар қауымдастығының президенті болған. Ақынның «Құрдастар», «Дала қоңырауы», «Жер астындағы жұлдыздар», «Қанатты жылдар», «Беласар», «Жұлдызды тағдырлар», «Елтінжал», «Ақ желкен», «Үш қиян», «Балықшы Иван», «Қосбасар», «Таулар сөйлейді», «Арал әуендері», «Балқурай», «Күн баласы», «Большевик ауылы», «Алтын бесік», «Көсемнің нұрлы атымен», «Дала саздары», «Торғай толқыны», «Асу алда», «Желқайық», «Бір кеменің үстінде», «Маңғыстау маңғаздары», «Күнтеңескен» поэмалар, повестер, өлеңдер, очерктер, көптеген әндердің өлеңдері мен 40-тан аса кітаптың авторы. Көркем аударма саласында Рудакидің, Байронның, Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Шевченконың, Мақтымқұлының, Толстойдың, Куприннің, Короленконың, Буниннің, Есениннің, Ғамзатовтың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.

«Халықтар достығы» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.


89 жыл бұрын (1930-1992) композитор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның қазіргі Гимнінің авторы Шәмші ҚАЛДАЯҚОВ дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында туған. Сарыағаштағы Қапыланбек малдәрігерлік техникумын, Ташкенттегі музыка училищесін, Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген.

1950 жылдан бастап шығармашылық қызметпен айналысқан. Ол ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде танылды. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік Шәмші шығармаларының басты тақырыбы. Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын «Ақ ерке - Ақ Жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Теріскей», «Қарқаралы», «Өмір өзен», т.б. туындыларын жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады. Композитордың марш екпінді, жігерлі, шаттықпен шырқалатын «Менің Қазақстаным», «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері халық арасына кеңінен тарады.
1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

Шымкент қаласында облыстық филармония, бір көше, Алматы қаласында бір көше, композитор туған өлке - Шәуілдір ауылындағы музыка мектебі - Қалдаяқов есімімен аталады. Шымкент филармониясының алдына Қалдаяқов ескерткіші орнатылған 1991 жылы ол жайлы ғұмырнамалық «Жылдарым менің, жырларым менің» (режиссері Т.Ахметов) деген деректі телефильм түсіріліп, «Шәмшіғұмыр» естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді.


56 жыл бұрын Еуразия патенттік ұйымы Еуразия патенттік ведомствосының президенті Сәуле Януарбекқызы Тілеулесова дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік университетінің Халықаралық қатынастар факультетін (1986); Мәскеу мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша (1993) тәмамдаған.

Еңбек жолы: Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, Мәскеу (1993-1994); ҚР Президенті Әкімшілігі заң бөлімінің аға сарапшысы (1995-1996); Женевадағы ҚР Тұрақты өкілдігінің екінші хатшысы (1996-1997); Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымының (ДИМҰ) авторлық құқық жөніндегі кеңесшісі (1997-2001); ДИМҰ Еуропа және Азияның кейбір мемлекеттері бөлімдерінің бағдарламасының басшысы (2001-2013); Кавказ, Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдері бөлімдерінің басшысы, ДИМҰ (2013-2016).

2016 жылдың ақпан айынан бері қазіргі қызметінде.


52 жыл бұрын (1967) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (VI шақырылым), аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Ерлан Хайланұлы БАРЛЫБАЕВ дүниеге келдШығыс Қазақстан облысында туған.

1990 жылы Алматы халық шаруашылығы институты, мамандығы - «Тексеру және бақылау». 2011-2014 жылдары - Ресей Федерациясы Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясы, біліктілігі - іскерлік әкімшілік докторы (Doctor of Business Administration (DBA)

Жұмыс тәжірибесі: 1990 - 1992 жылдары – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі сумен жабдықтау жұмыс басқармасы бас бухгалтердің орынбасары, 1992 - 2002 жылдары - «БАЕР» компаниясының президенті, 2002 - 2008 жылдары - «СҮТ» АҚ (Павлодар қаласы) басқарма төрағасы, 2008 - 2016 жылдары – «Мал өнімдері» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, 2009-2010 жылдары - «ГорЭлектроСеть» АҚ (Екібастүз қаласы) басқарма төрағасының экономика және қаржы бойынша орынбасары, 2010-2016 жылдары - «ГорЭлектроСеть» АҚ (Екібастұз қаласы) Директорлар кеңесінің төрағасы, 2010 –2011 жылдары - «Атамекен» ҚҰЭП басқарма төрағасының халықаралық мәселелер бойынша орынбасары, 2011 ж. – «Ак жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары (экономикалық саясат және кәсіпкерлікті қолдау), 2016 жылғы наурыздан – VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2013 жылы «Құрмет» орденімен наградталған.

33 жыл бұрын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Заң департаментінің директоры Сәкен Абдрашидұлы ЖҮКЕНОВ дүниеге келді.

Алматыда туған. Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін, Ұлыбританиядағы University College London аяқтаған.

Еңбек жолы: жеке заң фирмасында заңгер; «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты Сыртқы байланыстар басқармасының қызметкері; Басқарма сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы, Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары (2011-2016); ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі заң департаментінің директоры (2016-2019).

2019 жылдан бері қазіргі қызметінде.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034575
Пікірлер

Көрші сілтемелер