Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19402264353 %47 %

15 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 07:03 - 2019/08/15


15 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 15 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1944 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты ашылды. Шалғай аудандардағы ауылдың қыз балаларын жоғары білім алуға тарту, оларды рухани биік, парасатты, білікті мамандар етіп тәрбиелеу арқылы әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатымен ашылған институттың бұл кезеңі ел тарихының елеулі, қиын да сұрапыл соғыс кезімен тұспа-тұс келді. Институттың алғашқы ректоры болып Тұрсын Мырзабекова тағайындалды.

1961 жылы Қазақстан картасында жаңа екі қала Шахтинск және Абай қалалары пайда болды.

Абай қаласы - Қарағанды облысындағы Абай ауданының орталығы. Қала іргетасы 1949 жылы Қарағанды көмір алабының батыс телімдерінің игерілуіне байланысты Шерубайнұра кенті ретінде қаланған. Қалада 5 шахта, «Шығыс» көмір байыту фабрикасы, темір-құйматас бұйымдары зауыты, құрылыс материалдары және құралымдар комбинаты, тігін фабрикасы, нан зауыты, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты жұмыс істейді. Сондай-ақ онда Тау-кен техникумы, 13 мектеп, 8 аурухана, 2 музыка, 1 спорт мектебі, 2 оқушылар үйі, мәдениет үйі, кинотеатр, кітапхана, стадион, жүзу бассейні бар.
Шахтинск қаласы Шерубайнұра және Тентек өзендері аралығында Қарағандыдан 50 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1949 жылы Тентек кокстелетін көмір кен орнының игерілуіне байланысты қаланған. Қаланың әкімшілік қарамағына Шахан және Новодолинка поселкесі, Солтүстік-батыс елді мекені кіреді. Аталмыш өңірдің тас көмір қоры 4,5 миллиард тоннаны құрайды. Қалада технологиялық колледж, кәсіптік-техникалық мектеп, 10-нан астам орта дәрежелі білім беретін оқу орындары, көркемөнер, музыка, спорт мектептері жұмыс жасайды.

2001 жылы Қазақстан Республикасының астанасын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Жапония ынтымақтастық агенттігінің зерттеуші тобы әзірлеген Астана қаласы бас жоспарының жобасы бекітілді.

2011 жылы Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Фараб» ән және би театры Болгарияда өткен Халықаралық «Варна-2011» фольклорлық фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.

Фестивальге қатысуға 24 елден 34 өнер ұжымы өтініш білдірген. Байқаудың финалына 8 үздік топ таңдап алынды.

2012 жылы Алматыдағы Б.Шолақ атындағы Спорт сарайының алдында қаланың жаңа көрнекі құрылысы – 300 келілік медальдің ашылу салтанаты өтті. Алып медаль жастарды спортқа тарту үшін және Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған қазақстандықтарға алғыс ретінде орнатылды.

2014 жылы Семейдегі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қоры қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің неміс тіліне аударылған шығармаларымен толықты. Семей әкімі Айбек Кәрімовтің қолына еңбекті Қазақстандағы Германия елшілігінің бірінші хатшысы, мәдениет және баспасөз бөлімінің басшысы Джонни Крамер табыс етті.

2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Қазақстан қоржынына төртінші қола медальді салды.

Бұл сайыста алтын жүлдені колумбиялық Катрин Ибаргуэн (15,17м) алды. Күміс жүлде венесуэлалық Юлимар Рохасқа (14, 98м) бұйырды. Ал Лондон Олимпиадасының чемпионы қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова 14. 74 м көрсеткішпен үшінші орынға тұрақтады.

2016 жылы Халықаралық ядролық қаруға қарсы «Невада-Семей» қозғалысы «Халықаралық ядролық қаруға қарсы жастар альянсы» атауымен жаңа бөлімше құрды. Мақсаты – Қазақстанның және бүкіл әлемнің жастарын соғыс, зорлық-зомбылықтан азат әлем үшін күреске тарту. Бұл еліміздің имиджін жоғары деңгейге көтереді.

2017 жылы Кабардино-Балкарияда Халықаралық армия ойындары аясында «Эльбрус сақинасы» байқауы аяқталды. Жарысқа Қазақстанның, Ресей, Қытай, Марокко, Өзбекстан және Иран елдерінің командалары қатысты. Байқау қорытындысына сәйкес, қазақстандық әскери қызметшілер екінші орын иеленді. Он күнге созылған жарыс кезінде қатысушылар жалпы ұзындығы 105 шақырым жол жүріп, 8 таулы асудан, 7 мұздықтан, 3 таулы өзеннен өтіп, еуропалық континенттің ең жоғарғы нүктесі – Эльбрус тауының шыңына шықты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034573
Пікірлер

Көрші сілтемелер