Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-2217366149 %51 %

Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі артты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 23:39 - 2019/08/14


Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда жүргізілген құрылыс жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 1 840,5 млрд теңгені құрады.

Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,5% артық, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде 433,3 млрд теңгеге инженерлік құрылыстар, 285,3 автомагистральдар, жолдар, көшелер, темір жолдар, көпірлер мен жерасты өткелдері, 251 млрд теңгенің өндірістік ғимараттары, 246,9 млрд теңгеге тұрғын үйлер, 120,7 млрд теңгеге тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінің құрылыстары салынған. Бұл – көлемі жөнінен ең көп жасалған құрылыс жұмыстары.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 12,7% артып, 575,8 млрд теңгені құрады. Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 2,9%, ағымдық жөндеу жұмыстары 7,3% артты.

Жаңа 24 687 ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінде 23 355 тұрғын үй және 1 332 тұрғын үй емес нысаны салынды. Атап айтқанда, 13 жалпы білім беретін мектеп, 33 мектепке дейінгі ұйым және 9 амбулаторлық-емханалық ұйым салынды.

2019 жылдың қаңтар-шілде айларында тұрғын үй құрылысына 713,6 млрд теңге жұмсалды. Бұл өткен жылдың қаңтар-шілде айларында тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемінен 15,2% артық.

Негізгі капиталға салынған жалпы инвестиция көлемінде тұрғын үй құрылысындағы игерілген қаражат үлесі 11,2% құрады. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға салынған қаражаттың 82,1% құрылысшылардың өздеріне тиесілі.

Қаңтар-шілде айларында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 6 506,4 мың шаршы метрді құрады. Соның ішінде жеке үй салушылар 3 565,5 мың шаршы метрді пайдалануға берген. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің нақты көлемінің индексі өткен жылдың қаңтар-шілде айларында 96,3% құрады.

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің құрылысына жұмсалған шығынның орташа нақты мөлшері биылғы жылдың қаңтар-шілде айларында 128,6 мың теңгені құрады, ал жеке үй салушылар көтерген тұрғын үйлерде 84 мың теңге болды.

Асхат Ахметбеков

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034533
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар