Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-121633409037 %63 %
2019-12-13590152140 %60 %

Президент тапсырмасы: Министр Щучинск-Бурабай аймағына тексеру жіберді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:39 - 2019/08/14


Президент тапсырмасы: Министр Щучинск-Бурабай аймағына тексеру жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи реурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Президенттің тапсырмасы бойынша Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаш кесілген жерге мамандар жіберіп, тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Бұл туралы министр өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Президенттің тапсырмасы бойынша Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаш кесілген жерге мамандар жіберіліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл жайсыз оқиғаның тексеру барысын бақылауда ұстаймыз. Министрлік заңсыз ағаш кесу бойынша жауапкершілікті қатаңдатуды жоспарлап отыр»,-деп жазды министр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесу дерегі бойынша шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырма бергенін  хабарлағанбыз.

«Казахстанская правда» газеті Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесу дерегі жөнінде жазды. Ұлттық байлықты жоюға қатысты өрескел әрекетке су құбыры жолының құрылысы сылтау болып отыр. Үкімет және әкімдік шұғыл шаралар қабылдауы тиіс»,-деп жазды Мемлекет басшысы.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034516
Пікірлер

Көрші сілтемелер