Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-121633409037 %63 %
2019-12-131401443142 %58 %
2019-12-141300376055 %45 %

2019 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша 17 мың шағым түсті - министрлік



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:57 - 2019/08/14


2019 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша 17 мың шағым түсті - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік сатып алулардың нәтижесіне электронды шағымдану мүмкіндігі берілген соң, арыздану көлемі артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта барлық сатып алу процедураларынан 2% ғана заңбұзушылық табылған, ал бұрын әрбір үшінші сатып алудан қате табылатын. Сонымен бірге, веб-порталда мемлекеттік сатып алулар нәтижесі бойынша электронды шағым қалдыру мүмкіндігі енгізілді. Енді мемлекеттік сатып алуларға шағым түсіріп, оның барысын веб-портал арқылы бақылауға болады», - деді ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, электронды шағым енгізгенше орта есппен 2 мың шағым түсетін. Ал 2019 жылдың алғашқы 7 айында электронды жолмен 17 мың адам арызданған.

«Мұндай өсім кәсіби «шағымданушылардың» пайда болуымен де байланысты. Олар үшін электронды шағымдану мемлекеттік сатып алуды үзіп, заңсыз пайда көру құралына айналды. Бұл мәселені шешу үшін Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алулар туралы заңға шағымдануды ақылы ету туралы өзгеріс енгізуді көтерді. Бұл тәжірибе Еуропа елдерінде, Армения мен Грузияда және Украинада кеңінен қолданылады. Сонымен бірге, Қаржы министрлігі шағымды қабылдаған жағдайда төленген қаражатты қайтаруды ұсынды. Керісінше, шағым негізсіз болса, қаражат бюджетке кетеді», - деп түсіндірді спикер.

Бұл өзгерістер 2019 жылдың 1 қаңтарында енгізілді және мемлекеттік сатып алулар веб-порталын қолдану ақылы жүйеге ауысты. Бүгінгі күнге дейін ықтимал жеткізушілерден 3,6 млрд теңге түсті.

«Осыған байланысты, веб-порталдың – Электронды қаржы орталығы жақында бірқатар бастаманы жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Яғни, порталдың байланыс орталығының қызметі тәулік бойы жүргізіледі. Әрбір сатып алуды тексеретін модераторлық институты енгізіледі. Осылайша, техникалық ақаулар деңгейі төмендейді. Сонымен бірге, порталда смс-хабарландыру жүйесі енгізіліп, тауарлар мен қызметтердің бірыңғай республикалық анықтамалығы құрылады», - деді Руслан Бекетаев.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034500
Пікірлер

Көрші сілтемелер