Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-121633409037 %63 %
2019-12-131401443142 %58 %
2019-12-14557121563 %37 %

Қазақстандық Ник Вуйчич «Ливерпуль» мен «Челси» жұлдыздарымен кездеседі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:57 - 2019/08/14


Қазақстандық Ник Вуйчич «Ливерпуль» мен «Челси» жұлдыздарымен кездеседі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Екі аяқсыз дүниеге келген Әли Тұрғанбеков «Челси» және «Ливерпуль» футбол командаларының жұлдыздарымен кездеседі. Бұл туралы 11 жастағы қазақстандық Instagram-да жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Достар, мен УЕФА-ның Суперкубогына шақыру алдым. Онда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының өткен маусымдағы жеңімпаздары - «Ливерпуль» мен «Челси» кездеседі. Қуанышымда шек жоқ», - деп бөлісті Әли.

Ол сондай-ақ бұл сапарды ұйымдастырған УЕФА-ның басшылығы мен қорына, сондай-ақ «Қайрат» футбол клубының Байқаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевқа алғысын білдірді.

«Баршаңызға және әрқайсыңызға жеке айтарым: ғажайыптар болады және армандар орындалады. Ең бастысы, жақсылыққа сену, іс-әрекет ету, армандау және Тәңірге үміт арту! Барлық адамдар мен балаларды спортқа, белсенділікке, позитивке, армандарға, мақсатқа және мейірімге ұмтылуға ынталандырғым келеді. Бүгін мен аталған командалардың жабық жаттығуына қатысамын!», - деп қосты ол.

Еске салайық, «Ливерпуль» өткен маусымда Чемпиондар лигасының, ал «Челси» Еуропа лигасының жеңімпаздары болды. Командалардың кездесуі 14 тамыз – сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Түркияның Ыстанбұл қаласындағы 43500 адам сиятын «Водафон Арена» стадионында өтеді. Қазақстанда тікелей көрсетілімді «Qazsport» арнасы жүзеге асырады. Басталуы – 00:45.

Айта кетейік, Әли Тұрғанбеков биылғы көктемде футбол әлемнің жұлдыздары Лионель Месси мен «Барселона» ойыншыларымен кездескен болатын. Бұдан бөлек, қазақстандық оқушы оның алдында өзге де белгілі футболшылар - Андрей Шевченкомен, Неймармен, Киллиан Мбаппемен, Эдинсон Каванимен, Диего Марадонамен, сондай-ақ өзінің кумирі, екі аяқсыз және екі қолсыз дүниеге келген Ник Вуйчичпен жүздескен еді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034104
Пікірлер

Көрші сілтемелер