Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0628711318864 %36 %
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-0813540916 %84 %

Солтүстік Қазақстанда жанармай толы автоцистерна жанып кетті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:54 - 2019/08/13


Солтүстік Қазақстанда жанармай толы автоцистерна жанып кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында жанармайы бар автоцистерна өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға «Жигалова Карагугинское» шаруа қожалығының аумағында болған. Автоцистернадан дизель отынының ағып шығуынан өрт тұтанған. Қызыл жалын айнала соққан желмен бірге сол жерде тұрған ГАЗ-53 автомобиліне жеткен.


«Оқиға орнына Булаев қаласының өрт сөндіру бөлімшелері және Петропавлдан екі бөлімше жіберілді. Күшті жел айдауына қарамастан, өрт жанар-жағармай материалдары сақталатын бөшкеге жеткізбей сөндірілді», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.


Тілсіз жаумен күрес екі сағатқа созылған. Құрбан болғандар жоқ, ешкім зардап шекпеген.

Себептері және келтірілген залал көлемі анықталуда.

Автор: Олеся Жуковень

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034040
Пікірлер

Көрші сілтемелер