Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22288107853 %47 %

Ертең 58 мыңнан астам Арыс тұрғыны 100 мың теңгелерін алады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:06 - 2019/08/13


Ертең 58 мыңнан астам Арыс тұрғыны 100 мың теңгелерін алады

АРЫС. ҚазАқпарат – Ертең, яғни тамыздың 14-і күні 58 мың Арыс тұрғыны Халық банктің кез-келген банкоматынан өздеріне тиесілі 100 мың теңге қаржыларын ала алады.

Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов мәлім етті. 

Оның жазуынша, Арыс қаласындағы стадион маңындағы спорт мектебінде қосымша 8 банкомат қойылады. Бұл қазіргі уақытта Арыста бар 10 банкоматқа қосымша.

«5,8 млрд теңгенің 1,8 млрд теңгесін қазақстандықтар жинады. 1 млрд теңге Түркістан облысының әкімдігінен, 3 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінді»,-деп жазды кеңесші.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласына сапары барысында қалада болған төтенше жағдайға байланысты жиын өткізген болатын. Жиында Үкімет басшысы Арыстағы әрбір отбасы мүшесіне, 100 мың теңгеден берілетінін айтты.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034022
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар