Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-24497243046 %54 %
2019-08-25515257448 %52 %
2019-08-267241140 %60 %

ОСК жаңа тағайындалған сенаторларді тіркеп, төсбелгілерін тапсырды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:42 - 2019/08/13


ОСК жаңа тағайындалған сенаторларді тіркеп, төсбелгілерін тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 тамыздағы Жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу, сондай-ақ олардың кейбіреулерінің өкілеттігін тоқтату жөніндегі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы», «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кейбір депутаттарының өкілеттігін тоқтату туралы» қаулылар қабылдады.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы, Шәкіров Асқар Оразалыұлы, Кұл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы, Лукин Андрей Иванович, Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы, Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы, Нұржігітова Дана Өмірбайқызы, Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы тіркелген.

Бірінші рет тағайындалған Сенат депутаттарына Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б. М. Имашев куәліктер мен төсбелгілерін тапсырды.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес тіркелгеннен кейін сайланған депутаттар өз өкілеттіктеріне кіріседі.

Сондай-ақ отырыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылданды.

Олар: Әйтімова Бырғаным Сарықызы, Бейсенбаев Асқар Асанұлы, Громов Сергей Николаевич, Ким Георгий Владимирович, Куставлетов Дулат Рашитович, Түсіпбеков Рашид Толеутайұлы.

Бұдан басқа, отырыс барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәкен Бақтияр Мәкенұлы өкілеттігінің тоқтатылуына әкеп соғатын негіздің басталуы туралы қаулы және Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Антонина Михайловна Маркованы міндеттерінен босату туралы қаулы қабылданды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034011
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Электронды казино ашқан 4 min
Қостанай облысының ауда 7 min
Төлеби ауданында полици 10 min
Қостанайда жедел жәрдем 13 min
Қостанайда мүмкіндігі ш 16 min
Қостанайда мемлекеттік 19 min
Бұршақ, найзағай, аптап 22 min
Көшеде мылтық атқан Қос 25 min
Қостанайда «Онлайн-тәлі 28 min
Қостанайлық жеткіншекте 1 sagt
Қостанай облысында жем- 1 sagt
Қостанай облысында 5 ци 1 sagt
Президент тапсырмасы: 2 1 sagt
7-20-25: Қостанай облыс 1 sagt
Қостанайдағы құрғақшылы 1 sagt
Елбасы Астанадағы Бас м 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қостанай облысында күн 1 sagt
Қостанайда бұрынғы білі 1 sagt
Қостанай облысының бас 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақстанның екі өңірін 1 sagt
Қостанайдағы Гагарин кө 1 sagt
Қостанай облысында 55 ж 1 sagt
Қостанай облысында орма 1 sagt
Жапония Кореямен даулы 1 sagt
Грекияда өрт кесірінен 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Нариман Ермекұлы: Көрке 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt