Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-24497243046 %54 %
2019-08-25515257448 %52 %
2019-08-26126102960 %40 %

Қарағандылық боксшы ҚР Президенті Кубогында алтын медаль жеңіп алды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:48 - 2019/07/23


Қарағандылық боксшы ҚР Президенті Кубогында алтын медаль жеңіп алды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында бокстан ҚР Президентінің кубогы өтті. Аталмыш ауқымды халықаралық турнирде қарағандылық спортшылар ерекше өнер көрсете білді. Боксшы Абылайхан Жүсіпов алтын медаль ұтып алса, Айжан Қожабекова күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада Қытай, Филиппин, Тәжікстан, Сирия, Өзбекстан, Үнді, Алжир, Ресей, Болгария, Қырғызстан, Моңғолия және Қазақстаннан келген кіл мықты спортшылар күш сынасты. Біздің ерлер құрамасының мүшелері доданы қанжығасына 18 медаль салды. Қарағандылық Абылайхан Жүсіповке 69 келі салмақ дәрежесінде тең келер спортшы болған жоқ.

«Турнир тамаша өтті. Жекпе-жектер де керемет болды. Өзін жақсы көрсете алған кім десеңіз? Бірден Абылайхан Жүсіпов деп жауап беремін. Боксшы турнир бойы өзінің жоғары деңгейін көрсете білді. Ақтық сайыста ол жас спротшымыз Талғат Шәйкеновпен кездесті. Мұнда, әрине, Жүсіповтың санаты дегенмен де жоғары болды», - деді olympic.kz-ке берген сұхбатында құраманың бас жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаев.

Қазақстанның әйелдер командасы 11 медаль иеленді. Қарағандылық Айжан Қожабекова 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені жеңіп алды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1026171
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар