Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0471511308356 %44 %
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-061268406757 %43 %

Арыста ешқандай эпидемиологиялық қауіп жоқ - мамандар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:36 - 2019/07/19


Арыста ешқандай эпидемиологиялық қауіп жоқ - мамандар

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласы тұрғындарының тынысы тарылып, белгісіз індеттен көз жұмып жатыр деген ақпарат жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік қалада болған апаттан кейін шығып жатқан мұндай дәлелсіз ақпарларға ермеуге шақырады.

Бүгін Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Пашимов Арыс қаласы әкімдігінде өткен брифингте әлеуметтік желілер мен дәлелсіз жалған ақпарат тарқатқан кейбір БАҚ-тағы мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.


Түркістан облысының дәрігерлері Арыс қаласы тұрғындарының денсаулығын тексеру үшін аула аралау жұмыстарын жүргізуде. Халық арасында кенеттен келген кеселге кезіккені анықталмаған. Арыс қаласында орналасқан 17 сектор бойынша 24 маусымнан бастап дәрігерлер тәулік бойы қызмет көрсетіп келеді. Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен арнайы медициналық штаб үздіксіз жұмыс атқаруда.

28 маусымы мен 18 шілде күндері аралығында Арыс қаласында 18 мыңнан астам жеке және көпқаббатты тұрғын үйлердің, 441 мекеменің аулалары тексерілген.

«Тексерулер нәтижесінде тұрғындар мен сауда орындарынан 11 мың келіге жуық азық-түлік тәркіленді. Қаладағы барлық қоқыс орындары, әжетханалар залалсыздандырылды. Жалпы 50-дей үй жануарының өлексесі шығарылды. Аумақтарды тексеру, дәрілеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының мамандары жұмыс істеуде. Жалпы қаланың эпидемиологиялық жағдайы толық бақылауда», - деді Түркістан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов.

Арыс қалалық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Осыған орай, науқастарға Арыс қалалық емханасы мен Облыстық клиникалық ауруханасында және Ордабасы аудандық орталық ауруханасында медициналық көмек толық, жан-жақты көрсетіліп жатыр.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1025100
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар