Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0471511308356 %44 %
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-061268406757 %43 %

Қарағанды облысында белсендірілген көмір өндірілетін болады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:39 - 2019/07/19


Қарағанды облысында белсендірілген көмір өндірілетін болады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жақында Қарағанды облысында жаңа өндіріс пайда болады. «Шұбаркөлкөмір» кәсіпорнында кокс үгінділерінен жасалған белсендірілген көмір шығарылады. Қазір жабдық толығымен құрастырылған. Әзірге жөндеу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа өндіріс қалай жұмыс істейтіні туралы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Кошановқа кәсіпорын мамандары аймақ басшысының зауытқа жұмыс сапары барысында айтып берді.


Кокс ұнтақтарынан белсендірілген көмір өндіру қондырғысы жақын арада жолға қойылып, іске қосуға дайын болады. Іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін өндірісті сертификаттау басталады.

Бастапқы мәлімет бойынша, дайын өнімнің 80% ішкі қазақстандық нарыққа жөнелтетін болады.

«Отандық өнімнің бағасы айтарлықтай төмен, ал сапасы жақсы болады», - деп түсіндірді «Шұбаркөл Көмір» АҚ кокс химиялық цехының директоры Сабыржан Иманбаев.

Белсендірілген көмір кәріздік суларды тазарту үшін қолданылады. Сондай-ақ бағалы металдар өндірісінде, атап айтқанда алтынды сілтілеу кезінде пайдаланылады.

«Біз болашаққа сеніммен қараймыз, себебі жаңа өндірісті іске қосу сатысында тұрмыз. Әлеуетті тұтынушылармен байланыс орнатудамыз. Сондай-ақ, өндіріс қуаты 400 мың тонна жаңа кокс-химия зауытын салуды жоспарлап отырмыз. Ол қауіпсіздік, автоматтандыру, экология жағынан заманауи болады. Бұл жоба 2023 жылы жүзеге асырылады. Оны іске қосқаннан кейін біз қолданыстағы кәсіпорынды жаңғыртуға тоқтатамыз. Біз қазір жобалауды аяқтау барысындамыз», - деді Сабыржан Иманбаев.

Ерлан Қошанов сондай-ақ өнеркәсіпшілермен жұмыс кадрларымен қамтамасыз ету мәселелерін де талқылады. Өңір басшысы кәсіпорын әкімшілігіне облыс колледждерінің бірін сенімді басқаруға алуды ұсынды.

«Өздеріңізге қажетті мамандықтар бойынша түлектерді дайындаңыздар. Біз қазір жұмысшы мамандықтарға оқыту тәсілін өзгертеміз. Мамандық атласын құрып, одан барлық сұранысқа ие болмаған мамандықтарды алып тастадық. Оқытушыларды шақырамыз және қашықтықтан оқыту жүйесін пайдаланамыз. Колледждерде жұмыс берушілер-ірі кәсіпорындарға қажетті мамандарды оқыту керек», - деп түсіндірді облыс әкімі.

«Шұбаркөлкөмір» АҚ әкімшілігі бұл идеяны құптады. Сабыржан Иманбаевтың айтуынша, қазір кәсіпорын Қарағанды облысының жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1025083
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар