Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0471511308356 %44 %
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-061268406757 %43 %

Қызылордалық құрылысшылар Арыстағы жұмыстарын таяуда аяқтайды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:03 - 2019/07/19


Қызылордалық құрылысшылар Арыстағы жұмыстарын таяуда аяқтайды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының құрылыс бригадалары осы айдың соңына дейін Арыс қаласындағы жұмыстарын аяқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күнге Арыс қаласындағы Қызылорда облысына бекітілген аймақтағы 145 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталған. Қазір 102 үй қалпына келтіріліп жатса, тағы 6 үйдің жөндеу жұмыстары басталды.


Арыс қаласында орналасқан тұрғын үйлердің Қызылорда облысына тиесілі №6 аумақтағы 14 көшеде барлығы 254 жеке тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан орналасқан.

«Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары аймақтар арасында 17 секторға бөлінген, №6 учаске Қызылорда облысына бекітілген 254 жеке тұрғын үй бар. Олардың бірі толық қалпына келтіруді талап етеді. Сондай-ақ, бұл аймақта 15 нысан орналасқан. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге облысіміздың 20 құрылыс компаниясы жұмылдырылған. Мұнда барлығы 186 адам еңбек етіп жатыр. Шілде айының соңына дейін барлық жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков.



Биыл 9-18 тамыз аралығында Арыс қаласынан 150 бала Қызылорда облыстық білім басқармасының «Облыстық олимпиадалар мен қосымша білім беру орталығында» тегін демалады. Балалар үшін психологиялық тренингтер, тауға экскурсиялар, түрлі үйірмелер ұйымдастырылады.

Бүгінгі күнге дейін Сыр өңіріндегі 2 800 астам мемлекеттік қызметші, бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен меценаттар қаржылай көмегін көрсетті.

Бұған дейін «Аралтұз» Арыс тұрғындарына қаржылай көмек көрсеткенін хабарлаған едік.





Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1025072
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар