Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0628711318864 %36 %
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-08934261167 %33 %

Өмірзақ Шөкеев комбайнмен бидай орды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:06 - 2019/07/16


Өмірзақ Шөкеев комбайнмен бидай орды

ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданы Бөржар елді мекеніндегі «Мақта компаниясы» ЖШС-на барды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі. 

Ол мұнда жалпы облыстағы егіс көлемімен, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстармен танысты. Сондай-ақ, шаруалармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар, әкім егіс алқабында комбайн жүргізіп, бидай орды.


Қазіргі таңда облыстағы бидай алқабының 44 пайызы орылған. Яғни, 94 мың гектардан 183 мың тонна астық жиналып отыр. Жалпы 218 мың гектардың әр гектарынан 21 центнерден өнім алғанда 463 мың тонна бидай алу жоспарлануда. Егін оруға қолда бар 1012 астық комбайнының 90-95% дайындалып, жинау жұмыстарына кіріскен.

Астықпен қатар, ауыл шаруашылығы дақылдарынан бүгінгі таңға 211,4 мың тонна картоп, 553,3 мың тонна көкөніс, 592,4 мың тонна бақша дақылдары жиналып, ішкі сұраныстан басқа Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен басқа облыстарға және шетелге экспортталуда. Жыл соңына дейін 2,7 млн тонна картоп, көкөніс, бақша өнімдерін жинау жоспарланып отыр.

Егіс алқабында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов өңірдің саладағы жетістіктерін мәлімдеді.

«Түркістан облысында ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 823 мың гектарға егілді. Бұл 2018 жылдан 9,8 мың гектарға артық. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруға сәйкес арпа – 1,8 мың гектарға көбейіп, 40 мың га, дәндік жүгері – 2,2 мың гектарға, 46 мың га, картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 5,9 мың гектарға, 119,8 мың га, мал азықтық 15,9 мың гектарға артып, 205,8 мың гектарды құрап отыр. Ал бидайдың егіс көлемі биыл 218 мың гектарға жетсе, майлы дақылдар – 96,8 мың га, мақта – 129 мың га егілді. Алдын ала жасалынған болжамдық есеп бойынша 218,6 мың га масақты дақылдардың әр гектарынан орташа 21,2 центнерден жалпы 462 мың тонна өнім алу күтілуде», – деді Нұрбек Бақтыбайұлы.

Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы сала басшыларына жаз мезгілінде ағын су мәселесін қадағалап, шаруалардың жағдайын бақылауда ұстау қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ, ауыл шаруашығы өнімдерін экспорттау көлемін ұдайы арттырып отыруды жүктеді.









Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1023658
Пікірлер

Көрші сілтемелер