Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-131150175564 %36 %

Атакентті жаңғырту жобасының видеосы жарияланды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:18 - 2019/07/16


Атакентті жаңғырту жобасының видеосы жарияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Атакент» іскерлік орталығын қайта жаңғырту жобасының видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ролик Атакенттің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

Жобаны жасау 2018 жылы басталған. Көрме павильондарына келушілерге ыңғайлы орта қалыптастырылады.

«Жоба бойынша көрменің айналасы абаттандырылады. Батыс жақ тұрақтан орталық аллеяға кесіп өтетін жол салынады. Павильондардың қасбеттері заманауи келбет алады. Ал ішкі инженерлік инфрақұрылым қайта жаңғыртудан соң әлемдік стандарттарға сай болмақ», - делінген жазбада.

Атакент аймағында туристік маршрут жасау жоспарда бар. Бұл бағдарға екі эко электробус қызмет ететін болады. Ыңғайлы аялдамалар салынады.

Ол жерлерде Алматының картасы орналаспақ.

Айта кетер жайт, Алматы әкімдігі Атакент аумағындағы ағаштарды кеспейтін болды.

«Атакент – Алматының экологияның тазалығына әсер ететін болады. Жыл сайын саябақ, ағаш, гүлдер отырғызылады. Мұнда саябақ аймағы 30 гектарды алып жатыр. 59 түрлі 9 130 ағаш жайқалып тұр. Мұнда құстар ұя салады. Құрқылтай, суырлар, тиіндер, кесірткелер басқа да жануарлар баршылық», - дейді орталық өкілдері.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1023617
Пікірлер

Көрші сілтемелер